Қарағанды қаласында есту қабілеті нашар спортшылар арасында өткен жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионатында жерлестеріміз үздік нәтиже көрсетті.
Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, жарыс жолына еліміздің әр өңірінен жиналған 100-ден астам спортшы шығып, бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша жерлестеріміз 9 жүлдеге қол жеткізді. Олардың арасында Валерий Терещенко бірінші орын иеленсе, Виктор Баранов, Елена Путинцева, Андрей Путинцев және 4х400 метр эстафетада сынға түскен Валерия Терещенко, Анатолий Леонов, Маруфа Шарафидинова, Виктор Баранов екінші келді. Ал, Анатолий Леонов, Роза Ақшолақова және 4х200 метр (микс) жарыс жолына шыққан Дильназ Мәжитова, Роза Ақшолақова, Валерий Терещенко, Маруф Шарафидинов үшінші орыннан көрінді. Жалпы командалық есепте Ақмола облысы 6 орын алды.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.