Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Төтенше жағдай талаптары – баршамыз үшін міндет - АРҚА АЖАРЫ

Төтенше жағдай талаптары – баршамыз үшін міндет

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өңірлік жедел штабтың отырысы өтіп, онда коронавирус жұқпасының таралуының алдын алу және санитарлық -эпидемологиялық жағдайды тұрақты ұстап тұру мәселелері қаралды.

Жиында аймақ басшысы тиісті ведомство басшыларынан жаһанды жайлаған індеттің алдын алу бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы сұрап білді. Облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың айтуынша, қазіргі кезде облыста коронавирус жұқпасын жұқтырған науқастар табылған жоқ. Бола қалған жайдайда оларды карантинге жатқызылатын орындар анықталып, медициналық мекеме қызметкерлерін медициналық маскамен және арнайы киіммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, «Арман» трикотаж тоқыма комбинатында қорғаныс костюмдері тігілуде. Ал, «Көкше мастер» фабрикасы тәулігіне 700 маска шығаруда. Фабрика бір аптаның ішінде 2 мың маска тігіп үлгерген. «Тыныс» акционерлік қоғамында 7 мың медициналық маска дайын тұр. Бұл маскалардың барлығы бірінші кезекте медициналық мекемелер мен құқық қорғау, азаматтық қорғаныс органдарына үлестіру жоспарланған.
Бұдан бөлек, жиында санитарлық-эпидемологиялық жағдай да сөз болды. Осы ретте, қала басшылығына қоғамдық көліктерге, аялдамаларға дезинфекция жасап отыру тапсырылды. Облыс орталығындағы адамдар көп жиналатын орындарда карантин талаптарын сақтау, дүкендер мен базарларда азық-түлікпен қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарының қашықтықтан оқыту әдісіне көшу бойынша қолдағы мүмкіндіктерді жұмылдыру жөнінде тапсырма берілді.
Облыс әкімі карантин жарияланған мерзім ішінде қоғамдық тәртіпті сақтау, халыққа еліміз бойынша жарияланған төтенше жағдай режимін түсіндіру қажеттігін арнайы атап өтті.
Сонымен қатар, жиында көктемгі су тасқынының алдын алу мәселелері де сөз болып, аудан мен қала әкімдері және жауапты ведомство басшыларына нақтылы міндеттер жүктелді.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар