• Мешіттерде жұма намазы уақытша оқылмайды. Әркім өз үйінде жұма намаздың орнына бесін намазын өтейді.
• Мешіттер жабылмайды, бес уақыт намазға азан шақырылады, алайда бес уақыт намаз мешітте жамағатпен оқылмайды.
• Мешіт жанындағы асханаларда өтетін құдайы ас, садақалар (жетісі, қырқы, жылы, т.б. дәстүрлі кәделер) уақытша тоқтатылады.
• Жаназа намазын тек жақын туыстарымен, яғни, аз топпен өткізген дұрыс. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман қауымын сабыр сақтауға, орынсыз үрейленбеуге, халықты дүрліктірмеуге және Алла тағалаға дұға етуге шақырады.