Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары – карантинде - АРҚА АЖАРЫ

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары – карантинде

Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы 19 наурыздан бастап карантинге жабылады.

Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуына жол бермес үшін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылдады. Осыған сәйкес, 19 наурызда сағат 00:00-ден бастап екі мегаполисте карантин жарияланады.
Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 35 адам. Оның 17-сі Алматыда, қалған 18-і Нұр-Сұлтан қаласында. Қазақстанда 16 наурыз таңғы сағат 08.00-ден бастап төтенше жағдай режимі жарияланды. Ол отыз күнге созылады.
Мамандардың сөзінше, вирус ауа-тамшы жолдары арқылы жұғады, сондықтан бетперденің қорғаныс күші аздау болса да тағып жүрген абзал.
Ресей ғылым академиясы институтының Қоғам денсаулығын сараптау және болжау зертханасының басшысы, медицина ғылымдарының докторы Борис Ревич коронавирусты жұқтыру қаупін бәсеңдету үшін медициналық маска тағып, амандасу кезінде қол алыспауға, құшақтаспауға кеңес берді.
Бетпердені қолдану жүрегі ауыратындар мен егде жастағыларға қиындау, себебі, ол тыныс алуды бояулатады екен. Егер маскаңыз болмаса, бетіңізді мойын орағышыңызбен жауып жүрген абзал, дейді мамандар. Сондай-ақ, ауру жұқтырудың алдын алу үшін қолды сәл бүгіп, шынтаққа қарай түшкіру керектігі қоса айтылады. Сонымен қатар, бұған дейін диетолог Иван Алименко карантин кезінде және үйде жұмыс істегенде қалай тамақтану керегін айтқан болатын.
Еліміздің тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің мәліметіне сүйенсек, наурыздың 18-не дейінгі жағдай бойынша әлемде 194651 адамда коронавирус жұқпасы тіркелген. Оның 7882-сі инфекциядан көз жұмған. Дегемен, 81102 адам коронавирустан емделіп шыққан.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі».

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар