Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сот қызметі де шектеледі - АРҚА АЖАРЫ

Сот қызметі де шектеледі

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында адам, оның өмірі және денсаулығы мемлекеттің ең қымбат қазынасы болып табылады.

Мемлекет басшысы азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында ағымдағы жылы 15 сәуірге дейін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше жағдай енгізді.
Осыған байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіпті барынша азайту мақсатында Ақмола облысының соттарында азаматтарды жеке қабылдау іс-шарасын өткізу мерзімі белгісіз уақытқа дейін шегерілді. Сонымен қатар, азаматтардан сотқа өтініштерді, істер мен материалдарды беруді неғұрлым кешірек мерзімге кейінге қалдыруды сұраймыз.
Соттар өндірісіндегі барлық істер бойынша сот отырыстарын өткізу, оларды мүмкіндігінше тоқтата тұру, кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту арқылы төтенше жағдай мерзімі аяқталғаннан кейін тағайындалатын болады. Мұндай процестік мүмкіндік болмаған жағдайда, сот процестері қашықтықтан, электрондық технологияларды қолдана отырып, тіпті болмаған жағдайда жабық сот отырысы тәртібінде өткізіледі.
Қысқартылған мерзімге қатысты істердің қаралуы барынша оқшауланған және процеске тартылған іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігі жағдайында жүзеге асырылады.
Жарияланған төтенше жағдайдың талаптарын сақтау және азаматтардың арасында вирустың таралуының алдын алу мақсатында облыс соттарымен барлық сақтандыру шаралары қолданылуда. Ақмола облысының барлық тұрғындарын алдын-алу іс-шараларын сақтауға шақырамыз!
Ақмола облыстық соты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар