Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көктемгі дала жұмыстары және халық санағы ойдағыдай өткізілуі керек - АРҚА АЖАРЫ

Көктемгі дала жұмыстары және халық санағы ойдағыдай өткізілуі керек

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев кезекті аппарат кеңесін өткізіп, алдағы көктемгі егіс жұмыстарына дайындық, биылғы жылы өтетін Қазақстан Республикасы халық санағына әзірлік мәселелерін пысықтады.

Аппарат кеңесінде облыс әкімі Ермек Маржықпаев Целиноград ауданының әкімі болып тағайындалған Бақытбек Оспанбековты таныстырды. Бұдан кейін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Димаш Таласбаев алдағы көктемгі егін жұмыстарына дайындық барысы туралы баяндады. Ағымдағы жылы ақмолалық диқандар 5 миллионға жуық гектар егістік алқапқа дәнді дақылдар себуді жоспарлап отыр. Бидай егуге тағы 150 мың гектар жер бөлінді. Сонымен қатар, майлы дақылдар, жемдік шөптер, картоп егуде өсім бар.
Димаш Таласбаевтың айтуынша, облыста тұқым қоры жүз пайыз жеткілікті. Қазіргі таңда «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының кепілдігімен көктемгі егіс жұмыстарын несиелендіру мәселесі де пысықталуда. Алдын ала берілген деректерге сүйенсек, кепілдік арқылы дәнді-дақылдар сіңіруге шамамен 5 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінген. Ағымдағы жылы облыс егіс алқаптарына 1200-ден астам егістік кешені, 16 мың тұқым себу техникалары шығады. Техникалық парктің дайындығы 90 пайыз. Дизель отынын кесте бойынша жеткізу жоспарланған.
Өңір басшысы 15 сәуірде аккредиттелген зертханаларда тұқым сапасын тексеруге қатысты жұмыстарды аяқтау қажет екендігін тапсырып, 10 сәуірге дейін барлық дән сіңіретін техникаларды жөндеу жұмыстарын аяқтау қажеттігін қадап айтты. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау бойынша бюджет қаражатын уақытылы игеру міндеттелді.
Өңірде өсімдік шаруашылығын дамытуға мемлекет 12 миллиард теңге көлемінде субсидия бөлінгенін айта келе, облыс әкімі егістік алқаптарын қысқартып жатқан Целиноград, Ерейментау, Атбасар аудандарына сын айтты. Сонымен қатар, Жарқайың, Атбасар, Жақсы және Есіл аудандарында тұқым тапшылығы бар екендігі айтылды. Осы орайда, өңір басшысы көктемгі егіс жұмысын уақытында әрі тиісті деңгейде өткізу үшін барлық қажетті шараларды қолға алуды тапсырды.
Жиын барысында талқыланған тағы бір өзекті мәселе – биылғы жылға жоспарланған халық санағы. Осы мәселеге байланысты Ақмола облыстық статистика департаментінің басшысы Ермек Мусина баяндама жасады. Басшының айтуынша, қазіргі таңда арнайы комиссия құрылып, ақпараттық қолдау бойынша арнайы медиа-жос-пар бекітілді. Алдын ала жасалған сараптамаға сәйкес, өңіріміздің тұрғындарының 30 пайызы ғаламтор арқылы санақтан өте алады. Тұрғындар туралы ақпарат жинау жаңа Sanaq.gov.kz сайтында жүзеге асырылады. Алайда, кейбір шалғай елді мекендер ғаламтор жүйесімен қамтамасыз етілмеген. Халық санағын өткізу кезеңінде өңірімізде 1300 адамға жуық уақытша санақ персоналы жұмысқа тартылатын болады. Жиын барысында облыс әкімі ақмолалықтардың нақты санын есепке алу үшін картографиялық жұмыстарды уақытында аяқтау жөнінде тапсырмалар берді.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар