Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мәслихат - АРҚА АЖАРЫ

Мәслихат

Үш жылдық бюджет кейін қаралады

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен облыстық мәслихаттың алтыншы шақырылымындағы кезекті 41-ші сессиясы болып өтті. Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты сессия жұмысына аудан, қала әкімдері селекторлық режимде қатысты.

Жоғарыдағы жағдайға орай, бұл сессия ұзаққа созылмады. Күн тәртібінде қаралуы тиіс мәселелер депуттарға алдын ала беріліп, сессияда тек дауысқа салынып, шешім қабылданды. «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджетке толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы» мәселе бойынша сөз алған облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев та бұл мәселені еліміздегі төтенше жағдай өткеннен кейін қарастыруды сұрады. Депутаттар тарапынан аталмыш ұсыныс бірауыздан қолдау тауып, кейінге шегерілді. Осылайша күн тәртібінде қаралуы тиіс 19 мәселенің 18-і бойынша шешімдер қабылданды.
Сессияда сөз сөйлеген облыс әкімі Ермек Маржықпаев өз кезегінде алдымен әлем халқын алаңдатып отырған коронавирус індеті және біздің елдегі жағдай бо-йынша қабылданып жатқан іс-шараларға тоқталды. Аймақ басшысының айтуынша, облыста 575 жұқпалы правизорлық карантиндік орын дайын. Сонымен бірге, астананың аумағындағы елді мекендерге қосымша 605 орын әзірленуде және шетелден келген адамдарға күн сайын мониторинг жүргізілуде. Жұқпаның алдын алу бойынша әкім қорынан 300 миллион теңге қаржы бөлініп отыр.
–Бүгін мәслихат сессиясында екі үлкен мәселе қаралды деп есептейміз. Оның бірі – Ақмола облысындағы туризмді дамытудың басымдықтары. Туризм саласын алдымен бюджетімізді көбейтудің негізгі көзіне айналдыру қажет, екіншіден, қосымша жұмыс орындары ашылады. Жыл сайын туристердің келуі артып келеді, айтарлықтай өсу қарқыны байқалады. Щучинск-Бурабай курорттық аймағы үш бағыт бойынша дамуда, онда құрылысқа отандық құрылысшылармен қатар, шетелдің де инвесторлары тартылуда. Соңғы 4 жыл ішінде курорттық аймақтың инфрақұрылымын дамыту үшін жоспарланған 31 миллиард теңгенің 11,5 миллиард теңгесі бөлініп, игерілді. Биыл 4,5 миллиард теңге қарастырылуда. Зеренді аймағына да айтарлықтай көңіл бөлінуде. Имантау, Шалқар бағытындағы жолдарды жөндеуге қаржы қарастырылуда. Бұл орайда, курорттық демалыс аймақтарына туристер келу үшін жаңадан авиа-
рейс іске қосылды. Төтенше жағдай аяқталған соң, ол өз жұмысын жалғастырады. Туристерге алда да сервис, қолжетімділік, жайлылық жағдайларын жасауымыз керек, – деді Ермек Маржықпаев.
Екінші мәселе – бюджетті жоспарлау бойынша аздап мәлімет бере кететін болсақ, мектептерді күрделі жөндеуден өткізуге қосымша 1,5 миллиард теңге қарастырылған, бұл өткен жылға қарағанда 3 есе көп. Мектептердің қазандықтарын жөндеу мен автобустар алуға да 500 миллион теңге бөлінеді. Тұрғын үй құрылысына да қаржы қарастырылған. Облыста іске асырылатын жобалар бойынша республикадан 20 миллиард теңге қаржы бөлінбекші.
Сонымен бірге, облыс басшысы қазіргі уақытта жұмыс орындарын сақтау, сауда орталықтарындағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру, кәсіпкерлерге мекемелерді жабу мәселесіне түсіністікпен қарауды ұсынды. Кәсіпорындардың жұмысын тоқтатпауға баса назар аударды. Қазіргі төтенше жағдайға қатысты облыста жедел топ құрылып, жұмыс істеуде. Олар негізсіз бағаны өсіру жағдайын қадағалайды. Әлеуметтік тұрмысқа қажетті ұн, қант, ет, құс еті секілді негізгі 19 өнімнің 12-сі бізде өндірілетіндігі айтылды. «Бұл мәселе бойынша менің орынбасарларым мен тиісті басқарма басшылары тәулік сайын кезекшілік атқарады. Барлық жағдай бақылауда болады. Азық-түлік қоры жеткілікті. Әрине, осындай қиын тұста пайда тапқылары келетін кәсіпкерлер жоқ емес, олармен тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр» деді аймақ басшысы. Сонымен бірге, су тасқыны да басты назарда. Есіл, Нұра, Жабай өзендерінде жарылыс жұмыстары одан әрі жалғасуда. Осындай қиын сәттегі жауапты жағдайларды барлық жергілікті әкімдер өз назарларында ұстауы қажет.
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар