Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мектеп мұғалімдері қашықтықтан жұмыс істейді - АРҚА АЖАРЫ

Мектеп мұғалімдері қашықтықтан жұмыс істейді

Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Валерий Гамазов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті жиында еліміздегі төтенше жағдайға байланысты білім беру мекемелерінде атқарылып жатқан іс-шаралар жайында есеп берді.

– СОVID-2019 жұқпасына байланысты жүргізілетін шараларға қатысты Білім және ғылым министрлігінен келген бұйрық облыстағы барлық білім беру мекемелеріне жолданды. Мектепке дейінгі білім беру мекемелері штаттық режимде жұмыс істейді, сонымен бірге, балалар еркін қатыса алады. 16 наурыз –
5 сәуір аралығына оқушылар көктемгі каникулға жіберілді. 16 наурыздан бастап қосымша білім беру мекемелерінің жұмыстары тоқтатылды. Бұл балалар мен жасөспірімдер үйлері, музыкалық, шығармашылық, өнер мектептері. Ата-аналар балаларын дамытатын жеке меншік ұйымдарға апармаулары қажет. Мектеп мұғалімдері бұл кезеңде қашықтықтан жұмыс істейді. Әдістемелік және дайындық жұмыстарын үйде отырып жүргізуге болады. Жалпы, білім беру мекемелеріне министрліктің оқыту процесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтары таратылды, – деп жан-жақты баяндады.
Каникул біткен соң сабақтар төтенше жағдай аяқталғанға дейін қашықтықтан өткізіледі. Қазір бұл мәселе бойынша Білім және ғылым министрлігінде арнайы топ құрылып, орта білім беру мекемелеріндегі дистанциондық технологияларды қолдану мүмкіндіктері бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Осы орайда, ақпараттық жүйені толықтыру, педагогтарды технологияларды қолдануға оқыту жұмыстары секілді ұйымдастыру шаралары жүргізіліп жатыр. Ұйымдастыру жұмыстары 5-ші сәуірге дейін аяқталуы тиіс.
Жоғары оқу орындары мен колледждер білім беру бағдарламасының жүктемесіне сай қашықтықтан онлайн режимінде сабақ кестесіне сай оқыту түріне ауысты. «Bilimland», «GoogleClassroom», «MOODLE», «Univer», «Platonus», «Canvas», «Daryn.online» секілді бірнеше ақпараттық жүйелер бойынша білім мекемелері қолжетімді түрде тегін жұмыстар жүргізіп жатыр. Колледждер мен жоғары оқу орындары үшін қашықтан оқу жағдайы аса қиындық туындатып жатқан жоқ. Облыстың жоғары оқу орындары мен колледждерінде алыстан келіп оқып жатқан студенттер үйлеріне бара алмайтын болса, өз еріктерімен жатақханаларда қалуларына болады, тек бөлмелерінен шықпаулары тиіс.
Бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан қойылған мұғалімдердің еңбекақыларын төлеу, тәрбиеленушісіз қалған балабақша тәрбиешілерінің еңбекақылары қалай болады деген сауалдарға Валерий Гамазов: «Бұл уақытта ұстаздар мен тәрбиешілердің еңбекақылары тиісінше сақталып, төленеді» деп жауап берді. Сонымен бірге, педагогтардың білімін жетілдіру курстары да онлайн-форматта өткізіледі. Дегенмен, жартысы екінші жартыжылдыққа қалдырылады. Мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының ІV кезеңі, ауылдық мектептер арасындағы «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы және басқа да байқаулар мен конкурстар кейінге шегерілді. Оқушылардың халықаралық спорт жарыстарына, мәдени және туристік іс-шараларға шығуына жол берілмейді. Сонымен бірге, білім беру ұйымдарында көпшілік іс-шаралар ұйымдастыруға болмайды.
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар