Баянғали Әлімжанов
Ақ ниетпен тілейік қара түнде,
Қалмасын деп халқымыз қараң күнге.
Иман, ақыл, сабырың қорған болып,
Қаймықпай тік қарайық карантинге.
Күллі ғалам зар жылап, жар салуда,
Не болады бұл бәле барса ауылға?!
Сауданы емес, амандық, сауыңды ойла,
Атаң күлген ажалдың құрсауында.
Зәрін шашқан тұманды КВ жаман,
Үрейлі, түгі шыққан түрі жаман.
Адамзаттың ғылымы, ақыл-ойы,
Жеңіп шығып, түзелер түбі заман.
Қара түнек торламай көгімізді,
Бәле-бәтер баспасын жерімізді.
Ақпейілді, ешкімге зияны жоқ,
Сақта, құдай, сақтанған елімізді!