Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
- АРҚА АЖАРЫ

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты пайыздық сыйақылар есептелмейтін болды

Екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдары коронавирустың таратылуына байланысты өз клиенттеріне қашықтан қызмет көрсету сервистеріне өтуде.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен, екінші деңгейдегі банктермен және микроқаржы ұйымдарымен бірлесіп халық және қаржылық жай-күйі коронавирустың таратылуына байланысты нашарлаған бизнес үшін тәуекелдерді жұмсарту шараларын пысықтады. Бұл қиын жағдайда барлық банктер мен қаржы ұйымдары клиенттердің операциялық залдарға бармай оларға барынша қашықтан қызмет көрсету режиміне қарай өз жұмысын реттеуде. Қазақстанда төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде банктер мен микроқаржы ұйымдары жеке тұлғаларға банктік қарыз шарттары бойынша төлемдер мерзімінің кешігуі бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемейді. Кепілсіз тұтынушылық қарыздары ресімделген жеке тұлға клиенттерге 90 күннен астам мерзімі өткен жағдайда, банктер және микроқаржы ұйымдары пайыздық сыйақы есептемейді. Бұл ретте жеке тұлғалар қандай да бір іс-әрекет жасап, банктің немесе микроқаржы ұйымының бөлімшелеріне келудің қажеті жоқ – барлығы автоматты түрде орындалады. Өсімпұлдар, айыппұлдар мен сыйақы есептелмейді. Сонымен қатар қаржылық жай-күйі коронавирустың таратылуына байланысты нашарлаған жеке тұлғалар үшін қарыздар бойынша төлемдерді кейінге қалдыру бойынша қосымша шаралар пысықталды. Қаржы ұйымдары қарыздар бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды жеке тәртіппен қарастырып, ұсынады. Коронавирустың таратылуына байланысты зардап шеккен дара кәсіпкерлер және ШОБ субъектілері үшін кредиттер бойынша міндеттемелерді орындау бойынша 90 күнге дейін мерзімін кейінге қалдыру ұсынылады. Бұдан басқа, ТЖ енгізілуіне байланысты туындаған төлемдерді кешіктіргені бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді. Кәсіпкерлер және ШОБ субъектілері өтінімдер мен растайтын құжаттарды қаржы ұйымдарының онлайн-сервистері арқылы ұсына алады. Осындай шаралар кәсіпкерлерге ШОБ-қа қызметкерлерді қысқартпай, олардың жалақы бойынша барлық тиесілі төлемдерін сақтай отырып қашықтан жұмыс істеуге көшіруге көмектеседі. Қаржы мекемелерінде көп адам санының жиналуын болдырмау үшін клиенттердің онлайн-жазылуы ұйымдастырылғанын еске саламыз, барлық қызметтерді қашықтан, электрондық почта, «банк-клиент» жүйесі, ұйымның интернет-ресурсы, мобильдік қосымша және басқа да байланыс құралдары арқылы алуға болады. Банктердің жұмыс істеу режимі және қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қолдау шаралары туралы ақпарат www.finreg.kz. сайтында орналасқан. Агенттік шаралардың іске асырылуына тұрақты мониторингті өткізіп, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін болады. Толығырақ ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: +7 (727) 2788 121, e-mail: Press@finreg.kz, www.finreg.kz ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметтері бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар