Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жағдай жіті назарда - АРҚА АЖАРЫ

Жағдай жіті назарда

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен облыстық әкімдікте дағдарысқа қарсы өңірлік жедел штабтың кезекті отырысы болып өтті.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев бүгінгі таңда коронавируске байланысты елімізде жағдай өте күрделі екенін айтты. Үстіміздегі жылдың 26 наурызына дейінгі жағдай бойынша Қазақстанда осы жұқпалы індетке 109 адамның шалдыққаны анықталып отыр. Жеті мыңнан астам адам карантинге жатқызылған.

–Нұр-Сұлтан қаласында 61 адам коронавирус індетін жұқтырған. Облысымыздың жеті елді-мекені елордамен шектесетінін және біздің өңір қаланы азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз ететінін ескерсек, жұқпалы ауру облысымызда тарап кетпесі үшін қауіпсіздік шараларын күшейтуіміз қажет. Сондай-ақ, бүгінгі күні жұмыспен қамту мәселесі де басты назарда болуы керек. Өйткені, қызмет көрсететін мекемелер жабылып жатыр. Кәсіпкерлер күрделі мәселелермен бетпе-бет келуде. Құрал-жабдықтар, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуде проблемалар бар, айналым қаражаты жеткіліксіз, – деген облыс әкімі осындай күрделі жағдай кезінде бизнесті қолдау мақсатында мемлекет тарапынан бірқатар шаралар қолға алынып жатқанын жеткізді.

Нақтырақ айтсақ, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша 700 миллиард теңге қаражат бөлінгелі отыр. Соның ішінде 32 миллиард теңге Ақмола облысына бөлінеді. Мұнымен қатар, жұмыспен қамту мақсатында  республика бойынша 300 миллиард теңге, соның ішінде біздің облысқа 13 миллиард теңге қаражат бөлінетіні штаб отырысында айтылды.

–«Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Бизнестің жол картасы», «Қарапайым заттар экономикасы» секілді барлық жобалар облыс экономикасына жұмыс істеуі керек, – деген Ермек Маржықпаев азық-түлік, атап айтсақ ұн, картоп, қарақұмық секілді өнімдерге экспортты шектете тұруға шешім шығарылғанын айтты. Мұның барлығы өзіміздегі сауда орындарында азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қажет.

Коронавирустің таралуын болдырмау мақсатында облыстық әкімдікпен көптеген жұмыстар атқарылуда. Облыс аумағында онлайн-сауда қызметі іске қосылды. Өңірімізде мәдени-бұқаралық шараларды өткізуге шектеу қойылып, балабақшалар жұмысын уақытша тоқтатты. Облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың айтуынша, бүгінде облыс бойынша 159 адам карантинде. Оның 47-сі емханаға жатқызылған. Тұрғындарға бұқаралық ақпарат құралдарында коронавирус қаупі, одан сақтанудың жолдары туралы хабарламалар күн сайын таратылуда. Арнайы сайт әзірленуде. Сонымен қатар, Айна Ермекқызы «Тыныс» зауытының қомақты сома тұратын 77 өкпені жасанды желдету аппаратын облыстық денсаулық сақтау басқармасына сыйға тартқанын атап өтті. Облыстық ішкі саясат басқармасының жанынан карантинге жабылған тұрғындарға психологиялық көмек көрсету мақсатында арнайы онлайн қызмет ашылған. Және 109 нөмірі бойынша call-орталық жұмыс істейтін болады.

Өкінішке орай, елімізде коронавируске байланысты жарияланған төтенше жағдайға қарамастан кейбір сақтық шаралары әлі дұрыс сақталмай жатыр. Адам көп жиналатын орындарға бармауға кеңес берілгенімен, балалар мен жасөспірімдер ойын, спорт алаңдарынан табылуда. Осы ретте, облыс әкімі тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары нашар жүргізіліп жатқанын, азаматтардың қауіпті індетке бейқам қарайтынын сынға алып, коронавирус қаупі жайлы ақпараттық-түсіндіру шараларын ширата түсуді тапсырды.

Сондай-ақ, облыс әкімі Ермек Маржықпаев штаб отырысы кезінде қашықтықтан оқыту мәселесіне назар аударды.  Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазовтың айтуынша,  төтенше жағдай кезінде барлық білім беру мекемелері қашықтықтан оқытуға көшкен. 6 сәуірден бастап мектеп оқушыларын қашықтықтан оқыту мәселесі ойластырылуда. Қазіргі таңда облыста орта білім беретін 556 мектеп бар. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қамтылуы 80 оқушыдан аспайтын мектептерді әдеттегі режимже оқыта беруді ұсынып отыр. Бізде ондай 207 мектеп бар. Қалған 346 мектеп қашықтықтан оқытуға көшуі керек. Ол үшін үш модуль қолданылады. Министрлік телесабақтар түсіруді қолға алды. Телесабақтар «Балапан» және «Ер арна» арналарында көрсетілетін болады.

 

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Берік Ескенов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар