Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Біздің жетістіктеріміз - АРҚА АЖАРЫ

Біздің жетістіктеріміз

Көктемнің алғашқы айы Көкшетау қаласындағы №2 орта мектеп-лицейі үшін жағымды жаңалықтарға толы болды. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Nur Otan» партиясының бастауыш тобының бастамасымен мектеп-лицейінің жаңа ғимаратында «Мұғалім – мектеп жүрегі» галереясы салтанатты түрде ашылды.

Жиырма сегіз мұғалім портреттерінің көрмесі мектеп қабырғасын әсемдеп қана қоймай, мұғалім мәртебесінің дәрежесін қалыптастыруға нақты үлесін қосты. Құрмет тақтасы деп атауға болатын экспозицияға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, түрлі қоғамдық ұйымдардың төсбелгілерімен марапатталған, сондай-ақ, он жылдан астам уақытын өзінің сүйікті ісіне – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арнаған мұғалімдердің суреттері енген. Олар – Минзифа Ахметзянова, Ғалия Рақышева, Шайзат Тілеужанова, Жанна Оразалина, Құралай Бектемірова, Сәуле Әбдірахманова, Ольга және Лариса Левицкая, Жанна Әбілқаева, Бибігүл Шахметова, Татьяна Драшко және тағы басқалары.
Біздің ұжым үшін тағы бір маңызды оқиға оқушылар мен оқытушылардың Мәскеу қаласындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға іссапары болды. Осы шараның ұйымдастырушысы – «Халықаралық экология, инженерия және педагогика академиясы» қоғамдық қоры. Бұл ұйыммен №2 орта мектеп-лицейін үш жылдық серіктестік байланыстырады және тиісті меморандумға қол қойылған. Конференция нәтижелері бойынша барлығы бес оқушы – Румина Жүзбаева, Никита Сидоренко, Айя Қалиева, Анастасия Шкрябина және Айлана Серік, сонымен қатар, жоба жетекшілері – Райгүл Есмағұлова, Марат Әлімов, Динара Ақжігітова, Гүлнәр Әбдіқасымова және Ләззат Ибраева бірінші және екінші дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Оқушылар ғылыми жобаларын Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің технопаркінде қорғады, ал, оқытушылар болса «Звездная» қонақ үйінің мәжіліс залында тәжірибе алмасты. Конференцияны өткізушілер Мәскеу қаласына саяхаттауды да ұйымдастырды. Барлық қатысушылар Мәскеудегі Қызыл алаңға және Торғай тауына барғанын еске алады.
№2 мектеп-лицейі басшылығының бас-
тамасымен Чистопрудный бульварындағы Абай Құнанбаев ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Балалар ескерткіш алдында ұлы ақынның өлеңдерін оқыды. Мәскеудегі конференцияның салтанатты жабылуында «ХЭИжПҒА» ҚҚ төрағасы Талғат Төремұратов биылғы қаңтар-ақпан айында «Үздік сынып» республикалық интернет байқауының нәтижесі бойынша 9 «Г» сынып өкілдеріне сыйлыққа ноутбук табыстады.
Екі күннен кейін, 11 наурызда Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында «ХЭИжПҒА» қоғамдық қордың ұйымдастыруымен әйел мұғалімдерінің республикалық форумы өтті. Оған №2 орта мектеп-лицейінің мұғалімдері Гүлнәр Әбдіқасымова, Халида Айтпаева, Алтыншаш Жұманова, Сәулеш Рүстемова және Күлшара Тасмағамбетова қатысты. Мұғалімдер «Дарын» республикалық орталығының грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. Мектеп-лицейінің директоры Гүлнәр Әбдіқасымова форумда «Рухани-адамгершілік тәрбие – тұлғаны жан-жақты дамыту жүйесінің құрамдас бөлігі» тақырыбында баяндама жасады. Шараны ұстаз Асхат Ержанов жүргізіп отырды.
Қамар ҚҰРМАНОВА,
№2 орта мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар