Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай енгізу кезеңіне (2020 жылғы 16 наурыздан 15 сәуірге дейін) барлық жұмыс берушілерге әлеуметтік жауапкершілікті көрсетіп, жұмысшыларды уақытша қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстыруды ұсынады.
Технологиялық процесс немесе басқа себептермен жұмысшыларды қашықтықтан жұмысқа ауыстыруға мүмкіндік бермейтін ұйымдарда жұмысты толық емес жұмыс режимінде ұйымдастырыңыз (күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) қалыпты ұзақтығын азайту және жұмыс аптасында жұмыс күндерінің санын азайту).
Еңбек қызметін іске асыру кезінде қызметкерлер барлық қажетті қорғаныс құралдарымен және профилактикамен қамтамасыз етілсін, сонымен қатар қызметкерлер денсаулық сақтау органдарының ұсыныстарын сақтасын.
Карантинда болу кезінде қызметкерлерге еңбек ақыны төлеу
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік дәрігерінің «Қазақстан Республикасында короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» 2020 жылғы 12 наурыздағы №19 бұйрығына сәйкес карантиндағы барлық жұмысшыларға (медициналық мекемеде немесе үйде болуына қарамастан) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріледі.
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы төлеу заңға сәйкес жүзеге асырылады (Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидасын бекіту туралы» бұйрығы мөлшері 15 АЕК-тен аспайды).
Қашықтықтан жұмыс режиміне ауысқан кезде еңбек ақыны төлеу
Тараптардың келісімі бойынша және өндіріс процесі мүмкіндік берсе жұмыс беруші карантин мерзіміне қашықтықтан жұмыс режимін орнатуға құқылы.
Анықтама үшін:
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 138-бабына сәйкес, қашықтықтан жұмыс істеу жұмыс процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, еңбек процесін жұмыс беруші орналасқан жерден тысқары жерде жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады.
Жұмыс беруші жұмыскерге коммуникация құралдарын (байланыс құралдарын) береді және оларды орнату мен оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды көтереді. Жұмыскер меншікті коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланған жағдайда, жұмыс беруші өтемақы төлейді, оның мөлшері мен төлеу тәртібі жұмыскермен келісім бойынша белгіленеді.
Тараптардың келісімі бойынша қашықтықтан жұмыс істейтін жұмыскерге жұмыс беруші үшін жұмысты орындауға байланысты өзге де шығыстар (электр энергиясының, судың құны және және басқа да шығыстар) өтелуі мүмкін.
Қашықтықтан жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының тіркелген есебі белгіленеді, оны бақылау ерекшеліктері еңбек шартында айқындалады.
Бұл жағдайда жұмысты орындау шарттары, жұмыс уақытының есебі, шығындар тараптардың келісімі бойынша (жұмыс берушінің актісімен, еңбек шартымен) белгіленеді, ал жалақы нақты жұмыс істеген уақыт үшін төленеді.
Толық емес режимге ауысқан кезде еңбеқ ақы төлеу
Еңбек кодексінің 70-бабына сәйкес еңбек қатынастары процесінде жұмысшы мен жұмыс берушінің жазбаша келісімі бойынша қызметкер үшін толық емес жұмыс уақыты белгіленуі мүмкін.
Толық емес жұмыс уақыты Кодексте белгіленген қалыпты ұзақтықтан аз уақыт, оның ішінде:
1) толық емес жұмыс күні, яғни күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын азайту;
2) толық емес жұмыс аптасы, яғни жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту;
3) күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын бір мезгілде азайту және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту.
Бұл жағдайда жалақы жұмыскерге жұмыс уақытын есепке алу бойынша жұмыс берушінің құжаттарында есепке алынған нақты жұмыс істеген уақыт үшін төленеді.
Анықтама:
Толық емес жұмыс уақыты жағдайларында жұмыс істеу жұмыскер үшін осы Кодексте, еңбек, ұжымдық шарттарда, келісімдерде белгіленген жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығын, еңбек өтілін есептеуде және еңбек саласындағы басқа да құқықтарын шектеуге әкеп соқтырмайды.
Өндірісті тоқтата тұру кезінде қызметкерлерге еңбек ақы төлеу
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» 2020 жылғы 15 наурыздағы 285 Жарлығымен ірі сауда нысандарының жұмыс істеуі шектелген, сауда және ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және көптеген адамдар жиналатын басқа да объектілердің қызметі тоқтатылған.
Еңбек кодексінің 112-бабына сәйкес, жұмыс берушіге және жұмыскерге байланысты емес себептер бойынша бос тұрып қалу уақытын ресімдеу тәртібі және бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу талаптары еңбек, ұжымдық шарттарда айқындалады және жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмайтын мөлшерде (42,500 теңге) белгіленеді.
Алайда тұрып қалу ақысы жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы тараптардың келісімі бойынша ең төменгі жалақыдан жоғары болуы мүмкін.
Қызметкерлердің саның немесе штатың қысқарту бойынша
Қызметкерлердің саны немесе штаты қысқарған жағдайда, жұмыс беруші қызметкерді, егер еңбек ұжымдық шартында одан ұзақ хабарлау мерзімі көзделмесе, кемінде бір ай бұрын еңбек шартының бұзылуы туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
Қызметкердің жазбаша келісімімен еңбек шартын бұзу хабардар ету мерзімі аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін.
Қызметкерлердің саны немесе штаты қысқарған жағдайда еңбек шарты бұзылғанда, жұмыс беруші қызметкерге жұмысынан айрылуына байланысты айына айлық орташа жалақысы мөлшерінде өтемақы төлемін жүргізеді.
Ақы төленетін еңбек демалыстарын беруге қатысты
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» 2020 жылғы 15 наурыздағы 285 Жарлығымен ірі сауда нысандарының жұмыс істеуі шектелген, сауда және ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және көптеген адамдар жиналатын басқа да объектілердің қызметі тоқтатылған.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 93-бабына сәйкес, кезекті еңбек демалысы демалыс кестесіне сай немесе қажет болған жағдайда кестеден тыс тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, жұмыс беруші балаларымен бірге қалуға мәжбүр болған ата—аналардың біріне ақылы еңбек демалысын береді.
Анықтама: қалыптасқан жағдайды ескере отырып, көптеген қызметкерлерде бұл құқықты бір уақытта пайдалану қажеттілігі туындауы мүмкін.
Бұл кадрлардың жетіспеушілігіне және жұмыс берушілердің соның ішінде демалысты төлеуге мемлекеттік бюджеттен, қосымша шығындарына, сонымен қатар жұмысшыларды уақытша жұмысқа қабылдауына әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар, жұмыскерлермен бұл құқықты теріс пайдалануына жол бермеу мақсатында, екінші ата-анасынан оның демалыста емес (барлық түрлері бойынша) және жұмыссыз емес екендігін және карантин кезінде үйде балаларының жанында бола алатынын растайтын құжаттарды (жұмыс орнынан анықтамалар және т.б.) ұсыну механизмін қарау қажет.
Сондай-ақ, оны бала асырап алушылар мен қамқоршыларға таралуын қарау қажет деп санаймыз.
«Ақмола облысының
еңбек инспекциясы жөніндегі
басқармасы» ММ
басшы орынбасары
Дүйсенбек Сәлменұлы Баймұсынов