Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ерекше әсерде болдым - АРҚА АЖАРЫ

Ерекше әсерде болдым

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты республикалық телеарналардың эфирінен Қазақстан халқына маңызды мәлімдеме жасады. Онда елдегі дағдарысқа қарсы шаралардың екінші топтамасындағы нықтап айтқан мәселелерінің бірі – инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшері 10 пайызға индексацияланады. Оған 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді.

Осыған орай, мен де өз пікірімді білдіргім келеді. Президентіміздің бүгінгі мәлімдемесін толық тыңдап шықтым. Бұл дер кезінде қолға алынғалы тұрған, Қазақстанға өте қажет шешімдер екені айдан анық. Лайым осының бәрі берекелі де баянды болсын деймін.

Мемлекет басшысының ел азаматтарына және бизнеске қолдау көрсету мақсатында осындай шешім қабылданғаны баршамыз үшін құптарлық жайт. Мен ғана емес, басқа да зейнеткерлер мен кәсіпкерлер осы мәлімдемені тыңдай отырып, ерекше әсерде болғаны даусыз. Сондықтан, Қасым-Жомарт Тоқаевтың әрбір айтқан сөзіне толықтай қосыламыз. Еліміздің басына туған қиын кезеңде қабылданған мазмұнды шешімді қолдай отырып, бұл сөздердің өз басыма үлкен күш бергенін жасырмаймын. Қазақстандықтарға маңызды мәлімдеме жасап, коронавируске қатысты төтенше жағдайда халық үшін бірқатар қажетті қадамдарға барған Президентімізге алғысым шексіз. Біз де ел басына төнген қауіпті дертті жеңуге атсалысамыз. Осы ауыр сәтте халқымызбен біргеміз дегім келеді.

Райхан СЕЙДАЛИНА,

«СейНұр» жауапкершілігі шектеулі

серіктестігінің бас директоры.

Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар