Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дәрігер ризашылығы - АРҚА АЖАРЫ

Дәрігер ризашылығы

Қолдау көңілімізден шықты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың телеарналарда тікелей эфир арқылы сөйлеген сөзінде дәрігерлерге және медицина қызметкерлеріне үш ай бойы қосымша үстеме ақы төлеу туралы тапсырмасы біздің де ақ халатты абзал жандардың көңілінен шығып отыр.

Осындай жауапты сәтте аты жаман індетпен күресіп жатқан дәрігерлердің еңбегі еленгені дұрыс. Пандемияға қарсы күрестің алдыңғы легінде жүрген дәрігерлерді осы кезде қолдап, қолпаштау құба-құп. Бүгінде олардың өмірін сақтандыру да шешімін тауып отыр.
Ел Президенті айтпақшы, бұл жаһанды жайлаған жұқпалы індет – батпандап кіріп, мысқалдап шығатын дерт. Осы дертпен күресіп жатқан абзал жандар бүгінгі күннің батырлары деп атап өткендігінің өзі дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне үлкен сенім артып отырғандығын, халықтың алдындағы біздің жауапкершілігіміздің зор екендігін айқын аңғартты.
Қазіргі таңда біздің аурухананың базасында осы індетпен күресуге арналған 2 госпиталь жұмыс істеп тұр. Біреуі – тері-венерологиялық орталығындағы провизорлы госпиталь, онда вирусқа күдікті болып танылған азаматтар жатыр. Ол 135 кереуетке шақталған. Онда қазіргі таңда 50 адам қаралып жатыр, 14 күндік ем қабылдаудан кейін анализ талдамалары бойынша вирус анықталмаған 42 адам амбулаторлық режимге ауыстырылды, яғни, госпитальдан босатылды. Сонымен бірге, Көкшетау қалалық медициналық жоғары колледжінің жатақханасында 252 кереуетке арналған карантиндік госпиталь жұмыс істеуде. Онда қазір 34 науқас емделіп жатыр. Бұл орталықтарда жұмыс тиісті деңгейде жан-жақты ұйымдастырылған. Провизорлы госпитальде 25 қызметкер науқастармен тікелей қарым-қатынаста жұмыс істеуде. Карантиндік госпитальде де осыншама адам медициналық қызмет көрсетіп жатыр. Сондықтан, осындай қиын сәтте өздеріне қауіп төнсе де, жұмысына адал жандардың еңбегі бағаланғанына ризамыз.
Қазіргі уақытта госпитальдердегі дәрігерлер мен медицина қызметкерлері әзірге екі ауысым бойынша еңбек етуде. Қажет болған жағдайда үш ауысымға ауысуға дайынбыз. Ондай жағдай туын-
дай қалса, резервтегі қызметкерлерді жұмылдырамыз.
Қазір көктем уақыты болған соң, жедел респираторлы ауру түрлері де көбейіп барады. Осы орайда, жедел жәрдем мен учаскелерге адамдар тарапынан өтініштер көптеп түсіп жатыр. Күдік тудырғандар бойынша зерттеу-тексеру анализдері тездетіп алынады. Күдікті деп танылғандар провизорлы госпитальға жатқызылады. Қабылдау бөлімдеріне өздері келіп, тексеріліп жатқандар да баршылық.
Науқастармен тікелей жұмыс істеп жатқан медициналық қызметкерлерге қажетті қорғаныс заттары, маскалар, арнайы киімдер, қолғаптар, антисептиктер, кіші персоналдың антисанитарлық қажетті құрал-жабдықтары толық беріліп отыр. Бұл орайда, денсаулық сақтау басқармасы мен жоғарыдағы орындардың қолдауы зор.
Дәрігерлер мен медицина қызметкерлері қазіргі уақытта жауапты, қиын сәтте еңбек етуде. Елімізде, облыс аумағында қатерлі індет кең шарпып кетпеуі үшін халықтан үйде отыруларын, өз-өздерін оқшаулауын сұраймын. Біз сіздер үшін жұмыста жүрміз, сіздер біз үшін үйде отырыңыздар. Отбасыңыз бен балаларыңыздың, туған-туысқандарыңыздың амандығы үшін гигиена сақтап, үйлеріңізді таза ұстаңыздар. Қолдарыңызды сабынмен жиі-жиі жуып, антисептик қолданыңыздар, иммунитетті көтеретін көкөністер мен жемістерді қабылдаңыздар. Далаға шыққанда маска мен қолғап киіңіздер. Дүрбелең тудырудың қажеті жоқ. Барлығы уақытша деп білейік, аздап сабыр сақтайық!

Нұрлан ЖАРОВ,
Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар