Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
387 мектеп қашықтықтан оқытуға көшіріледі - АРҚА АЖАРЫ

387 мектеп қашықтықтан оқытуға көшіріледі

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте 6 сәуірден бастап оқушыларды қашықтықтан оқыту тәсілдері туралы кеңінен баяндап берді.

Айна Ермекқызы қазіргі таңда бүкіл әлемді коронавирус індеті жайлап бара жатқанын, барлық мемлекеттер экономикалық тиімді шараларды қарастырып жатқанын айта келе, сондай амалдардың бірі оқушыларға қашықтықтан білім беру екенін атап өтті. Одан бұрын интернет арқылы жүргізілген сынама сабақтардың оңтайлы тұстарымен қатар, кемшін тұстары да байқалған. Бірақ соған қарамастан оқыту кейінге шегерілмейді, қашықтықтан оқыту азаматтарға қолжетімді интернет ресурстар арқылы жүзеге асырылатын болады. Ол үшін облысымызда тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр деді облыс әкімінің орынбасары.

Бүгінгі күні біздің облыста 556 жалпы орта білім беретін мекеме бар. Онда 127 мыңнан астам оқушы білім алуда. 15 мыңнан астам педагог қызмет етеді. 6 сәуірден бастап 387 мектепте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға шешім шығарылған. Бұл білім ошақтарында 118 мыңнан астам оқушы білім алады. Соның ішінде 75 300 оқушы интернет платформалар арқылы оқытылады. Бұл барлық оқушы санының 64 пайызын құрайды. 42 764 оқушы үшін телеарна және штаттық жұмыс тәртібі бойынша оқыту ұйымдастырылады. Оқыту үрдісінде Kudelik.kz порталы, Bilimland білім платформасы пайдаланылып, 1-11 сыныптарың оқушылары үшін «Балапан» және «Ел арна» телеарналары арқылы қазақ, орыс тілдерінде видеосабақтар көрсетіледі.

Осы орайда айта кетсек, облыстағы 187 мектеп бұрынғы дәстүрлі түрде оқытылатын болды. Бұлар – шағын жинақталған мектептер, яғни онда білім алушылар саны 80 оқушыға жетпейді. Нақтылай түссек, бұл бастауыш мектептерде 3-4 оқушысы бар, негізгі мектептерде 20-30 ғана оқушы білім алатын және орта мектептерінде 50-60 оқушы оқитын білім ұйымдары. Сонымен бірге, ауыл мектебінде Интернет болғанымен, тұрғындарында онлайн сабаққа шығуға мүмкіндігі жоқ шалғай елді мекендердің де оқушылары аудан әкімдері мен білім бөлімдері басшыларының шешімімен дәстүрлі сабақ өткізетін болды. Осы қашықтықтан оқытылатын мектептерге елді мекендердегі

оқушылар санына қарамастан, облыстың төрт үлкен ауданы кіріп отыр. Бурабай, Ерейментау, Зеренді, Целиноград аудандарының барлық мектептері қашықтықтан оқытылатын болды. Целиноград ауданы айтпаса белгілі, Нұр-Сұлтан қаласына өте жақын орналасқан және қазіргі таңда індеттің ошағына айналуда. Бурабай ауданы – трассаның үстінде тұрған үлкен аумақ. Зеренді ауданы – облыс орталығына өте жақын орналасқан, ал, Ерейментау Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысының ортасында орналасқан жол үстіндегі аудан. Осындай себептердің салдарынан аудан әкімдері мен білім бөлімінің басшылары қашықтықтан оқыту керек деген шешім қабылдаған.

– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің келісімімен ақпараттық тапсырыс аясында облыстық «Көкше» телеарнасында облысымыздың үздік ұстаздарының қатысуымен 50 видеосабақ түсіруді қолға алдық. Бұл видеосабақтар республика аумағында көрсетілетін болады, – дей келе, Айна Мысырәлімова қашықтықтан білім алуға және білім беруге мүмкіндігі жоқ оқушылар мен ұстаздарға мектептердегі компьютерлер уақытша пайдалануға берілгенін айтты. Пандемияның салдарынан елімізде төтенше жағдай енгізілген кезеңде бәріміз күш біріктіріп, қиындықтарды еңсеруіміз керек деді Айна Ермекқызы. Қашықтықтан оқыту кезінде ата-аналар балаларына жауапкершілікпен қарап, сабақ оқуына жағдай жасап, қолдарынан келгенше көмектесулері керек.

Брифинг барысында облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Валерий Гамазов қашықтықтан оқу түрлеріне кеңінен тоқталып өтті. Оның айтуынша, қашықтықтан оқыту – онлайн оқу деген сөз емес. Оқушылардың қашықтықтан білім алулары үшін алдын ала жазылған видеосабақтар, төрт жылдан бері қолданылып келе жатқан Kundelik.kz порталы мен Bilimland платформасы, What’s up, telegram әлеуметтік желілері пайдаланылады. Ата-аналар мен оқушылар да осы интернет желілері арқылы ұстаздармен кері байланысқа шығып, үй жұмысын жолдай алады.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар