Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елдің бірлігі бәрінен де маңызды - АРҚА АЖАРЫ

Елдің бірлігі бәрінен де маңызды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Қазақстан халқына жолдаған кезекті мәлімдемесінде қазіргі іс-қимыл жоспары мен халықты қолдау шараларын нақты белгілеп берді.

Ел халқына, қоғамның түрлі институттарына біздің Президентіміз зор қолдау көрсетуде және бүкіл әлем үшін осы күрделі кезеңде Қазақстан басқа елдермен қатар, коронавирус пандемиясымен белсенді күрес жүргізуде.
Мәлімдемеде пандемияға қарсы күреске тікелей қатысатын медицина қызметкерлерін қолдаудың қосымша шаралары бар. Полиция және әскери қызметкерлер де назардан тыс қалған жоқ. Сонымен қатар, зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін жылдық мәнде 10 пайызға индексациялау, азаматтардың ең төменгі жалақы мөлшерінде қосымша әлеуметтік төлемдермен қамтылуын, тегін азық-түлік, тұрмыстық жиынтық алатын азаматтар санын кеңейту, 1 шілдеге дейін сақтандырылмаған азаматтардың МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығын ұзарту, көктемгі егіс жұмыстарын уақытында жүргізу, жол картасы шеңберінде азаматтарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және басқалары нақты айтылған.
Осы кезеңде бизнесті қолдауға да ерекше мән берілмекші. Бұл мақсатта шағын және орта бизнес субъектілері үшін 6 айға еңбекақы төлеу қорынан салық және басқа да төлемдерді есептеу мен төлеу алынып тасталады, үш айға барлық салықтарды төлеу тоқтатылды. Менің ойымша, қабылданып жатқан барлық шаралар уақытылы және өте қажетті. Әрине, осы кезеңде күрделі жағдайды еңсеру үшін біздің бірлігіміз бен ынтымағымыз және барлық мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдерінің, жұртшылықтың бірлігі мен тұтастығы талап етіледі. Өз кезегінде, біздің ауданның депутаттық корпусы да Президенттің мәлімдемесінде айтылған шараларды толық қолдайтынын және оларды өз деңгейінде жүзеге асыру үшін барлық қажетті мүмкіндіктерді қарастыруға дайын екенін айтқым келеді.

Қайрат АУҒАЛИЕВ,
Зеренді аудандық
мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар