Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қиындықтан шығуға мүмкіндік береді - АРҚА АЖАРЫ

Қиындықтан шығуға мүмкіндік береді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесін кейін қойып тыңдап шықтым. Мемлекет басшысы коронавирус инфекциясының таралуына байланысты қазақстандықтардың әл-ауқаты мен ел экономикасын осы қиын кезден алып шығу үшін өте маңызды мәселелерді көтерді.

Атап айтқанда, еліміздің әрі қарай дамуы бағытында шағын және орта бизнесті, отандық өнім шығаратын кәсіпорындарды қолдауға ерекше екпін қойылып отыр. Төтенше жағдай кезінде бизнесті уақытша салықтан босату мемлекет тарапынан үлкен қолдау деп білемін.
Елімізде қолға алған бағдарламада нақты тапсырмалар белгіленген. Мұның бәрі коронавирус инфекциясына байланысты туындап отырған жаһандық экономикалық проблемаларға қарсы қолға алынған қажетті заманауи талаптар. Президент айтқандай, бұл дертпен күресуге барлығымыз бір адамдай ұмтылуға тиіспіз. Бұл тұрғыда, «Шаңырақ» холдингінің құс фабрикалары да төтенше жағдай енгізілгеніне қарамастан, штаттық режимде жұмыс істеуде. Бұл – Арқалық, Қарағанды, Жезқазған және Ақмолдағы құс фабрикалары. Осы ретте, кәсіпорын дезинфекция, маска режимі сияқты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап отыр.
Расында, біздің барлығымызда тағы бір мәселе бар. Ол – коронавирус инфекциясына қоса, құлдырап кеткен теңге бағамы болып отыр. Осыған байланысты бізде де баға өсуде. Осыдан екі апта бұрын бидайдың бір тоннасын 70 мың теңгеге сатып алсақ, қазір оның құны 85 мың теңгеге жетті. Шаруалар біз қолданатын шикізаттың бағасын көтеріп жіберді. Бұл, әрине, жұмыртқа және еттің бағасының өсуіне әкеліп соғары анық.
Кәсіпорында барлық өндірістік процес-тер дұрыс жолға қойылған. Өнім тұрақты шығарылуда және Қазақстанның барлық өңіріне уақытылы жеткізілуде. Алайда, бұған төтенше жағдайдың енгізілуі біраз кедергі келтіруде. Мысалы, блок бекеттерден өту, көлікті тіркеу сияқты жұмыстар өнімді уақтылы жеткізуде біраз қиындықтар туғызуда.
Тағам шығаратын кәсіпорын болғандықтан, санитарлық талаптар қатаң, дезинфекциялау шарасы да назарда. Жай күндері де құс фермасына кіре берісте дезинфекциялау шаралары жүргізіледі. Қазір тек соны күшейтіп отырмыз. Кәсіпорында дәрігер жұмыс істейді, ол күн сайын жұмысшылардың дене қызуын бақылап отырады. Ақмол ауылындағы кәсіпорындағы жұмысшыларымыздың 90 пайызы жергілікті тұрғындар. Біраз адамдарымыз Нұр-Сұлтан қаласынан келеді, олар негізінен, әкімшілік корпуста жұмыс істейтіндер. Екі адам Нұр-Сұлтан қаласынан Ақмолға қоныс аударды.
Мемлекеттік қолдаудың маңызы зор, нақтырақ айтсақ жұмыртқаға субсидия өте қажет. Жұмыс істеп тұрған және жаңа жұмыс орындарын ашып жатқан кәсіпорындарды қолдау керек. Жұмыртқа бағытында мемлекеттің қолдауы болып жатса, біздің жұмысымыз да жандана түседі. Егер олай болмаса, онда әрине, баға жоғарылай беретіні анық.
Мемлекет басшысының кешегі мәлімдемесі осы айтылған мәселелерді шешуге бағытталған қадам екеніне көзіміз жетіп отыр. Осындай мемлекеттік қолдаулардың арқасында отандық өндіріс қиындықтарды еңсереді деген ойдамыз.
Максим БОЖКО,
«Шаңырақ» холдингінің басшысы,
Қазақстанның жұмыртқа өндірушілері
қауымдастығының төрағасы.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар