Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Облыста тағы да 19 жағдай тіркелді - АРҚА АЖАРЫ

Облыста тағы да 19 жағдай тіркелді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов коронавирус жұқпасына қатысты аймақтағы қазіргі жағдай бойынша ақпарат берді.

Облыста бүгінгі күні аты жаман індетпен тағы да 19 жағдай тіркеліп, қазіргі уақытта өкінішке орай, науқастардың жалпы саны 42-ге жетіп отыр. Осы уақытқа дейін олардың екеуі қайтыс болғаны белгілі.  Бүгінгі күні анықталып отырған жағдайдағы 19 адам 2-ші сәуірде қайтыс болған Целиноград ауданының тұрғыны 1947 жылғы ер азаматпен байланыста болғандар. Онымен қарым-қатынаста болған 216 адам анықталды. Қазір санитарлық-эпидемиологиялық тексеріс жұмыстары әлі де жүргізілуде. Вирус анықталғандар госпитализацияға  дайындалуда. Індет жұқтырғандардың үлкені 1933 жылғы болса, ең жасы 1984 жылғы, деді аталмыш басқарманың басшысы.

Сонымен, қорытындылайтын болсақ, облыста қазір жұқпаның таралуы күрделеніп барады. Целиноград ауданы вирустың негізгі ошағына айналуда. Қазір онда 35 жағдай тіркелген, Аршалыда -3, Нұр-Сұлтан қаласында біздің облыстан 3 және Көкшетауда -1 жағдай белгілі болып отыр.  Облыста жұқпаның жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 423 науқас стационарда емделуде. Инфекциялық бөлімшеде 19, провизорлы бөлімшеде 90, карантиндік стационарларда 312 адам дәрігерлердің бақылауында жатыр. Сондай-ақ, облыс бойынша тағы  737 адам үй карантинінде.

 

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар