Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Брифинг - АРҚА АЖАРЫ

Брифинг

Сақтық шараларын қатаң ұстану ­– баршаның міндеті

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина облыс аумағында коронавирустің таралуын тоқтату мақсатында карантинге байланысты қолданылатын қосымша шектеу шаралары туралы кеңінен баяндап берді.

– Сәуірдің 7-сі күні облысымыздың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері ретінде облыс аумағында қауіпті індеттің алдын алуға байланысты бірқатар шараларын қолдану туралы қаулыға қол қойдым. Өздеріңізге белгілі болғандай, осы айдың 3-інен бастап, облыс карантинге жабылды. Облыс аумағына кіріп-шығуға тыйым салынып, барлық бағыттарға блок-бекеттер орнатылды, ­– деген департамент басшысының айтуынша, 8 сәуірден бастап «Көкшетау» әуежайы мен «Көкшетау» теміржол вокзалында, автовокзалда жолаушылар тасымалы тоқтатылады. Тек, ресми тіркелген такси қызметтері мен қалаішілік қоғамдық көліктер ғана жұмыс істейтін болады. Оның өзінде автобустардың жұмыс уақыты кешкі сағат 19.00-ге дейін қысқартылған. Көлік жүргізушілері мен кондукторлар міндетті түрде маскада болулары керек.

Сондай-ақ, брифингте облысымыздың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері облыс тұрғындарына далаға тек аса қажет болғанда ғана, яғни, жұмысқа немесе азық-түлік, дәрі-дәрмек алу үшін  шығуға болатынын ескертті. Себебі, коронавирустен сақтанудың бірден-бір жолы үйде оқшаулану. Адам көп жиналатын орындарға бармау арқылы біз жұқпалы індеттің таралуын тоқтатамыз деді Айнагүл Мусина. Балалар далаға ата-аналарынсыз шықпаулары керек. Ата-аналарымен шыққан күннің өзінде сыртта 30 минуттан артық жүруге және үйінен 500 метр алыстауға болмайды.

­Тағы бір маңызды жайт, қауіпті топтағы азаматтар, яғни, созылмалы аурулармен ауыратын 55 жастан асқан азаматтар мен егде жастағылар үйден шықпауға тырысулары керек. Діни нысандарда, жаназа кезінде он адамнан көп жиналуға болмайды. Жергілікті әкімдіктер осы мәселелерді назарда ұстауы керек. Облыс аумағына тек медициналық көмек алу және азық-түлік тасымалдау үшін, халық тіршілігін қамтамасыз етуге, егістік науқанына қатысы бар шаруашылық өкілдеріне ғана кіруге рұқсат етіледі.

Көшелер мен аулалар, қоғамдық көліктер, подъездер залалсыздандырылып отырылуы керек. Азық-түлік, дәрі-дәрмек, гигиеналық заттардың және құрылыс материалдары, ауыл шаруашылығы техникасы  саудасымен айналысатын орындардан басқа, барлық сауда нүктелерінің жұмысы уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар, төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік төлемдерді, атаулы әлеуметтік көмекті, зейнетақы төлеуді қамтамасыз ететін банк филиалдарының  бөлімшелері ғана жұмыс істейді.

Косметикалық және массаж қызметтері тоқтатылып, екі орындық шаштараздар ғана жұмыс істейді, қоғамдық тамақтану орындарының барлығы жеткізу қызметіне көшірілді.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар