Зере ҚИЫҚОВА, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы.
Елбасының үндеуі Тұңғыш Президентіміз үнемі халықпен бірге екенін және қиын-қыстау кезеңде өз отандастарына әрдайым қол ұшын беруге әзір екенін көрсетеді.
Елбасы өзінің Қазақстан халқына жолдаған Үндеуінде қазақстандықтардың назарын әлемде болып жатқан қилы өзгерістер барысында әркім сабырға келіп, өзінің орнын табу керектігіне аударып, өмірде болып жатқан ақиқаттарға мойынсынуға және өзінің, қоршаған ортадағы азаматтардың денсаулығына асқан жауапкершілікпен қарауға шақырып отыр.
Расымен де, коронавирус пандемиясы төрткүл дүниені дүр сілкіндіріп қана қоймай, адамға өзімшілдікті былай ысырып, бір-біріне жақынырақ болу керектігін көрсетті. Нұрсұлтан Әбішұлы өз мақаласында адам бәрін өзінен бастау керектігін аңғартып, сонымен қатар, адами құндылықтарды ой елегінен өткізгені жөн екенін тілге тиек етті.
Қазіргі уақытта коронавирус дертінен құтылу әлем бойынша ең өзекті мәселе болып отыр. Біз бәріміз осы бір ауыр кезеңде салқынқандылық танытып, қайсарлығымызды көрсеткеніміз абзал. Өйткені, ұлт бірлігі – ел амандығының кепілі.