Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Президент әкімнен жағдайды сұрап білді - АРҚА АЖАРЫ

Президент әкімнен жағдайды сұрап білді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ақмола облысындағы ағымдағы ахуал бойынша облыс әкімі Е.Б.Маржықпаевпен телефон арқылы хабарласты.

Президентке өңір басшысы ең алдымен, өңірде коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша қолданылып жатқан шаралар, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, карантиндік режимнің жүзеге асырылуы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылуы туралы баяндап берді. Әңгімелесу барысында әкім қолайсыз ауа райының салдарынан қираған объектілердің қалпына келтірілуі, су тасқыны кезеңінің өткерілуі және көктемгі-дала жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде ақпаратты жеткізді.
Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде бұрқасын дауыл желдің салдарынан әлеуметтік, тұрғын және коммерциялық объектілердің шатырларын ұшырып әкету оқиғалары тіркелді. Келтірілген залалдың құны 964 миллион теңгені құрады. Бүгінгі таңда, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Ақмола облысының аумағындағы су тасқыны жағдайы тұрақты. Атбасар ауданының Жабай өзенінде және Астрахан ауданының Колутон өзенінде су деңгейі төмендеп келеді. Бұл аудандарда судың көтерілу шегі өтті. Целиноград ауданында елді мекендерден еріген қар суын сору жұмысы жалғасуда, 1 миллион текше метрден астам су сорылды. Жалпы, тұрғын үйлер мен басқа да әлеуметтік-әкімшілік объектілерді су басу қаупі жоқ.
Көктемгі-дала жұмыстарын жүргізуге дайындалу іс-шаралары аяқталды. Ауыл шаруашылығы техникасы көктемгі егіс науқанына 100 пайыз дайын. 2020 жылғы егіске шамамен 527 мың тонна тұқым дайындалды.
Көктемгі-дала жұмыстарын жүргізу үшін өңірге 68 мың тонна кепілдік берілген дизель отыны бөлінді. Қазақстан
Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау шеңберінде 38 мың тонна кепілдік берілген арзан отынның литрі 165 теңге бағасы бойынша өткізілетін болады.
«Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ және кредиттік серіктестіктер жүйесі арқылы түпкілікті несие алушылар үшін жылдық 5 пайыздан аспайтын ставкасымен көктемгі-дала жұмыстарын кредиттеу мәселелері шешілді. Өңірдің аграшылары 18 миллиард теңгеден астам қаражат алды.
Әңгімелесу соңында, Мемлекет басшысы көтерілген мәселелер бойынша ерекше бақылауда болудың қажеттілігін атап өтті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар