Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сайлаушы сенімі – ел сенімі - АРҚА АЖАРЫ

Сайлаушы сенімі – ел сенімі

(Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы жұмыс қорытындылары)

Әлібек Баймағамбетов,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы

Ақмола облыстық мәслихатының депутаттық корпусы Ақмола облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының төртінші жауапты жылына қадам басты. Жергілікті өзін-өзі басқару саласында соңғы бір жарым-екі жыл сындарлы кезең болды. Жергілікті өзін-өзі басқаруды ең жоғары деңгейде қолдау қажет болды. Депутаттарға бюджет қаражатын бөлу мен ұтымды пайдалануды бақылауға дейін көптеген жауапкершілік жүктеледі. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижелілігі көбінесе, мәслихаттар депутаттарының кәсібилігі мен белсенділігіне байланысты.
Сонымен қатар, депутаттардан сұраныс та, халықтың талап етуі де артып келеді. Бүгінгі күн жұмыс сапасын арттыруды, принципшілдікті, халықтың нақты мәселелерін шешуге назар аударуды, оларды шешудегі жеделдікті талап етеді. Қазіргі қалыптасқан облыстық мәслихаттың депутаттық корпусы – жұмысқа қабілетті, бүгінгі бізге жүктелетін маңызды міндеттерді шешуде әбден білікті. Тәжірибеге сүйенсек, депутаттық қызмет төрт критерийден құралады және олар төмендегідей бағаланады:
Бірінші, мәслихат сессияларындағы депутаттардың қызметі; екінші, сайлау округіндегі депутаттардың қызметі; үшінші, мәслихаттың тұрақты комиссиясындағы қызметі; төртінші, бұқаралық ақпарат құралдарындағы белсенділік.
Есептік кезеңде, яғни, 2019 жылы мәслихат 13 сессия өткізді, онда 110 мәселе қаралды. Сессияларда қаралған негізгі мәселелер:
Бірінші. 2019 жылғы бюджеттің атқарылуы және бюджетті үш жылға бекіту. Алдағы уақытқа бюджетті қалыптастыру барлық деңгейдегі мәслихаттардың белсенді қатысуымен жүргізілді. Сонымен қатар, депутаттардың қарауына ұсынылған бюджетке өзгерістер бірден қабылданбады, депутаттық сағатта белсенді түрде талқыланды, көптеген түзетулер, ескертулер мен ұсыныстар енгізілді. Депутаттардан 400-ден астам ұсыныс түсті, оның 30 пайызы 2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасына енгізілді.
Соның ішінде депутат В.Камышанский Державинск қаласындағы 60 пәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеу және қайта жаңарту, Ә.Ерденова Есіл ауданындағы 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы, Атбасар ауданының депутаттары А.Т.Тайшытаев, Н.Ф.Белобров, Р.Р. Мұратов Атбасар қаласының көшелерін жөндеу, Е.И.Мащинская Көкшетау қаласының Ғабдуллин көшесі бойындағы аулалық аумақтарды күрделі жөндеу және автомобиль жолының учаскесін қайта жаңарту, С.Аяғанов перинаталдық орталықтың гинекологиялық корпусын күрделі жөндеу бойынша ұсыныстар енгізді.
Екінші. Жыл ішінде депутаттар бірқатар стратегиялық құжаттарды қарады. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Ақмола облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасы, Көкшетау қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы.
Үшінші. Жыл бойы сессияның күн тәртібіне әлеуметтік-маңызды өткір мәселелер де шығарылды. Олар ана мен бала өлімін төмендету бойынша шаралар туралы; қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы; ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды 25 пайызға көтеру жөніндегі мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Депутаттармен облыстық жедел жәрдем станциясының желілік бригадалары үшін жылжымалы медициналық жедел жәрдем кешендерін жеткізу келісілді. Сондай-ақ, жер учаскелері бо-йынша бірнеше мәселе қаралды.
Төртінші. Ақмола облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебі тыңдалып, оң баға берілді.
Бесінші. Мәслихат бақылау-есеп органымен – тексеру комиссиясымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Біз олардан жүргізілген тексерулер туралы есептерді және олар бойынша қорытындыларды жүйелі түрде алып тұрамыз. Тексеру комиссиясы мәслихатқа есеп береді, сондықтан, депутаттар жыл сайын атқарылған жұмыс туралы есеп қабылдайды. Сессиялар мәслихат жұмысының негізгі нысаны болып табылатынын ескерсек, оның заңдылығы кворумның болуына байланысты. Сессияларға қатысу – депутаттың негізгі міндеті. Сессияға депутаттардың орташа қатысуы өткен жылы 90 пайызы құрады.
Депутаттар жауапкершілігінің ажырамас бөлігі халықпен жұмыс жүргізу болып табылады. Бұл – азаматтарды қабылдау, тұрғындардың шағымдары мен өтініштерін қарау, кездесулер, жиналыстар өткізу барысында мәселелерді тікелей талқылау және шешу, түрлі қызметтер мен ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Әрбір депутаттың ай сайынғы азаматтарды қабылдау кестесі белгіленген, азаматтарды көшпелі қабылдау тәжірибеге енгізілген. Сондай-ақ, азаматтарды қабылдау «Nur Otan» партиясының облыстық және аудандық филиалдары жанындағы қоғамдық қабылдау бөлмелерінде жүргізіледі.
Округте тұрғындармен тығыз байланыс орнату, кездесулер өткізу тұрғысында Симчук Валерий Николаевич, Мащинская Елена Ивановна, Бекмағамбетов Ғалым Мәдешұлы, Сұлтанов Қайрат Абайдоллаұлы, Божко Максим Владимирович, Безвербный Павел Николевич, Ысқақов Нартай Жұматайұлы және тағы басқалары белсенді жұмыстар жүргізеді.
2019 жылы облыстық мәслихат пен депутаттардың атына бір жарым мыңнан астам өтініш, сауалдар мен хаттар келіп түсті, округтер мен аудан орталықтарында тұрғындармен 400-ге жуық кездесулер ұйымдастырылды, онда адамдар өз өтініштерін білдірді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері басым болып қалуда. Ол 43 пайызды құрайды. Жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу, аумақтарды тазалау бойынша сұрақтар жиі көтеріледі. Абаттандыру проблемалары 14 пайызды, материалдық көмек туралы өтініштер 18 пайызды, тұрғын үй проблемалары 7 пайызды, қызмет көрсету, құрылыс, жер пайдалану, денсаулық сақтау бойынша өтініштер тиісінше 3-1 пайызды құрады.
Тұрғындардың өтініштері бойынша депутаттардың жұмыс сапасы және олардың сайлаушылар сұрақтарына немқұрайлы қарамайтыны мәселелердің 74 пайызының қаралғанынан байқалады. Қалғандары депутаттардың қарау сатысында немесе ұзақ мерзімді шешімді талап етеді. Жергілікті жерлерде, өз сайлау округтерінде тәжірибелік көмек көрсету бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді. Сөйтіп, зейнеткерлер мен аз қамтылған отбасыларына шөп, көмір, отын жеткізілді, елді мекендердегі көшелерді тазалауға көмек көрсетілді, материалдық көмек берілді. Тек осы жылы тұрғындарға қайырымдылық көмек көрсетуге депутаттар 100 миллион теңгеден астам қаржы бөлді. Осы сома шегінде жыл сайын мұқтаж адамдарға көмек көрсетіледі.
Депутаттарымыздың жетістіктері республикалық деңгейде де атап өтілуде. Айталық, Сағадат Қайыржанұлы Әшебеков белсенді азаматтық ұстанымы, көп жылдық депутаттық жұмысы, Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесінде төрағалық еткені және қайырымдылық көмегі үшін мәслихаттардың 25 жылдығына орай, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.
Жарқайың ауданынан облыстық мәслихаттың депутаты Виталий Петрович Камышанский қайырымдылық ісіне қосқан үлесі үшін екі жыл қатарынан «Туған жер» номинациясы бойынша «Жомарт жүрек» республикалық наградасымен марапатталды. Ол 2019 жылы аудан орталығында өз қаражатына 45 миллион теңгенің жайлы спорт кешенін салды.
Аршалы ауданынан депутат Александр Яковлевич Гусев «Поиск» агрофирмасының директоры, «Үздік ұжымдық шарт үшін» номинациясы бойынша «Парыз» республикалық сыйлығымен марапатталды. Аталған агрофирма қызметкерлері зейнетке шыққан кезде, мерейтойлар, әскерге шығарып салу рәсімдерінде материалдық қолдаумен қамтамасыз етіледі, ал, аналар 3-інші және 4-інші баланы туса, 100 және 150 мың теңге бөлінеді. Қызметкерлердің тегін тамақтануын да айтуға болады, ол маусымына 100-ге жуық адамды құрайды.
Әсен Дулатұлы Жақсылықов жыл номинациясы бойынша «Қазақстан Республикасының үздік кәсіпкері» атағына ие болды.
Біз республика деңгейіндегі кеңестердің, жұмыс топтарының құрамына кіретін Елена Ивановна Мащинская, Қайрат Абайдоллаұлы Сұлтанов, Максим Владимирович Божко, Анатолий Иванович Томиловты мақтан тұтамыз. Елена Ивановнаның әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту тәжірибесі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде ұсынылды. Қайрат Абайдоллаұлы ҚР Парламентінде балалар туризмін дамыту бойынша облысымыздың мүддесін қорғайды. М.В.Божко – ҰКП АӨК комитетінің мүшесі, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңестің құрамына кіреді.
Көптеген депутаттар ақмолалықтардың мүддесі үшін нақты іскерлі шешімдер әзірлеу мақсатында кәсіпорындарға, ұйымдарға барып, көшпелі кездесулер өткізеді. Жақында студенттер жатақханаларына рейдтер өткізіліп, студенттермен әңгіме жүргізілді.
Мәслихат жанында «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясы белсенді жұмыс істейді. Депутаттар партиялық бақылау комиссиясын және «Nur Otan» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Қоғамдық кеңесті басқара отырып, үлкен жұмыс атқаруда. Елдің маңызды әлеуметтік-саяси оқиғаларына да қатысады. Бұл – партияның бағдарламалық құжаттарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бо-
йынша ақпараттық-насихаттау топтарының жұмысы, «дөңгелек үстелдер», мәжілістер мен конференциялар, «Nur Otan» партиясының әртүрлі акциялары, тағы басқа шаралар.
Депутаттардың округтердегі жұмыс түрлерін талдау сайлау-шылар алдында есеп берудің негізгі тәсілі болып табылады. Оны барлық дерлік депутаттар қолданады. Алайда, баспасөздегі жарияланымдар, теледидардағы баяндамалар мүлдем аз.
Депутаттардың қызметі тек округ аясында шектелмейді. Мәслихат жанында депутаттардан тұратын төрт тұрақты комиссия жұмыс істейді. Әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияны Е.И.Мащинская, аграрлық мәселелер мен индустриалдық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссияны Н.Ж.Ысқақов басқарады. Ал, депутаттық этика, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға А.Д.Жақсылықов, экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға С.Аяғанов жетекшілік етеді.
Есепті кезең ішінде 16 отырыс өткізілді. Комиссияларға терең зерттеуді талап ететін проблемалық мәселелер ғана шығарылады, көбінесе оларды зерттеу үшін жергілікті жерге баруға тура келеді. Мәселен, өткен жылы балық питомниктерінің жай-күйі туралы мәселе осы саладағы проблемаларды, атап айтқанда, тауарлық балық өндірісінің көлемін ұлғайту және индустриялық аквамәдениетті енгізу, табиғи су айдындарында балық ресурстарын ұтымды пайдалану, балық аулаудың және оны өсірудің қазіргі заманғы жүйесін құрып, өсімін молайту қажеттілігін көрсетті. Зеренді балық питомнигі 1969 жылы салынған жарты қуатында ғана жұмыс істейді, күрделі жөндеу жүргізілмеген. Аграрлық мәселелер жөніндегі комиссия төрағасы Н.Ж.Ысқақов өз есебінде бұл туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Жағдай шынымен, күрделі және зерттеуді қажет етеді. Мемлекеттік органдармен бірлесіп, тауарлық балық өндірісін дамытуды ынталандыру проблемалары бойынша тынымсыз жұмыс жүргізу қажет.
Проблемалық мәселелердің тағы бір үлкен ауқымын әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссия көтерді. Ол – мәдениет нысандарының жай-күйі. Комиссия мүшелері Аршалы, Бұланды және Бурабай аудандарына барды. Жалпы, облыс бойынша 7 клуб жұмыс істемейді, олардың ғимараттары жеке құрылымдардың балансында, ал, штат бірліктері – аудандық мәдениет үйлеріне тиесілі (Зеренді – 5, Бұланды–2). Жұмыс істеп тұрған ауылдық мәдениет үйлері мен клубтары жиһазға, техникалық жарақтандыруға, сахналық киімдерге және музыкалық аппаратураға мұқтаж, телефон, автокөлік жоқ. Барлық білікті қызметкерлер: хореограф, режиссер, аккомпаниатор, дыбыс операторы тапшы. Бұл мәселелер жылдан-жылға созылып келеді, әрі барлығы қаржыға келіп тірелуде. Бүгінде барлық қаражат экономиканы қолдауға және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға бағытталғандықтан, бұл мәселелер кейінге қалдырылуда. Сондықтан, мәселе ашық күйінде тұр. Дегенмен, қаулының орындалуы тұрақты комиссияның бақылауында.
Мұнымен қатар, бір жарым жыл бұрын Ақмола облысының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Ол – қауіпті аурулардың таралуына жол бермейтін, санитариялық нормаларға сай келетін мал қорымдарының жеткіліксіздігі немесе іс жүзінде болмауы. Ақмола облысында 332 мал қорымы бар, оның тек 3-еуі үлгілік қорым (Бұланды ауданының Новобратское ЖШС, Целиноград ауданының «Родина» ЖШС, Көкшетау қалалық әкімдігінің балансындағы 1 бірлік), қалған 329-ы кеңес заманынан қалған, моральдық тұрғыдан ескірген. Сонда да жағдай ептеп өзгеруде. Біржан сал ауданындағы 3 мал қорымының құрылысына облыстық бюджеттен 42,8 миллион теңге бөлінді. Жыл сайын 2021-2022 жылдарға арнап 18 жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге және 4 мал қорымын салуға 96,8 миллион теңгеден қаржы бөлу жоспарланған.
Депутат жұмысының маңызды құрамдас бөлігі – әлеуметтік желілердегі жұмыс. Әрбір халық сайлаушысының және жалпы депутаттық корпустың бастамашылық аспектісін қозғай отырып, ашық түрде жұмыс істеу депутаттың қоғам алдындағы жауапкершілігін растайтын негізгі міндеттерінің бірі екенін атап өту қажет.
Қазақстандағы интернеттің белсенді пайдаланушылары 3,3 миллион адам, яғни, бүкіл ел халқының бестен бір бөлігі болып табылады. Әлеуметтік желілердің бір ерекшелігі, уақыт пен күш-жігерді талап етеді, бірақ, артықшылығы – ақпаратты тарату жылдамдығы мен аудиторияны қамтуы. Мәслихат аппараты әлеуметтік желілердегі жұмыстың ерекшелігі бойынша ұсыныстар әзірлеп, депутаттарға жіберіп тұрады.
Өткен жылдың жұмыс қорытындысы депутаттар алдына облыстың аудандары мен қалаларында өзін-өзі басқаруды қалыптастыруға белсенді қатысу, аудандар мен қалалар, сондай-ақ, ауылдық округтер әкімдіктерімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеу сияқты бірқатар міндеттер қояды. Елдің дағдарысқа қарсы іс-қимыл жос-парын ескерсек, экономикада бүгінгі күні қалыптасқан жағдай түбегейлі шараларды және бюджет қаражатын бөлуде жанашырлық көзқарасты талап етеді. Сондықтан, депутаттарға бюджетті қабылдау және ұсыныстарды қалыптастыру кезінде әрбір қаралатын мәселе бойынша сұралатын соманы, проблеманың өзектілігін мұқият талдау ұсынылып отыр.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар