Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
42500 теңге әлеуметтік көмек алғандар жауапқа тартылмайды - АРҚА АЖАРЫ

42500 теңге әлеуметтік көмек алғандар жауапқа тартылмайды

Финанс

Қазақстын Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42500 теңге әлеуметтік төлем алғандар ешқандай қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын хабарлады.

Бүгінгі таңда министрдің айтуынша, төтенше жағдайлардың салдарына байланысты табысынан айырылған 3 миллион 960 мың адамға әлеуметтік төлем тағайындалып, оларға 157 миллиард теңге төленген. Өкінішке орай, соңғы 4-5 күн бойы әлеуметтік желілерде, қоғамда «42500 теңге алғаны үшін қылмыстық тұрғыда жазалайды екен» деген әңгіме көп таралып жатқаны жасырын емес. Бұл тұрғыда министр барлық материалдарды қарап шыққанын жеткізді. Онда 5 сәуірден бастап заңгерлер осы мәселеге қатысты пікірлерін айта бастаған. Оның ішінде ерекше таралғаны сол күні Закон.кз порталында Данияр Нұрланұлы мен Руслан Қожахмет есімді заңгер адвокаттардың Қылмыстық кодекстің алаяқтыққа қатысты баптарын орыс тілінде талдап, соны 42500 теңге төлеміне қатыстырып жазған мақаласы болды, – деді Б.Нұрымбетов. Оның айтуынша, аталған мақалада ол азаматтар «Министр Нұрымбетовтің ешкімді жаппай тексермейміз деген сөзін жұмыс берушілер пайдаланып, жалған мәліметтер беруі мүмкін» дегенге келтірген.
Осыған байланысты министр «Бірде-бір адам 42500 теңге алғаны үшін, тіпті жіберген қателігі үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Оған негіз жоқ. Мұны талқылап жатқан заңгерлер де жақсы біледі. Біз ешкімді тексермейміз. Себебі, бұл – әлеуметтік төлем. Халықтың басым бөлігінің табысы аз, жалақы мөлшері төмен, зейнетақы, жәрдемақы көп емес» екендігін баса айтты. Көпшілік осы төлемді алғысы келетіні шындық. Олай болса, бұдан былай өтініш бергендердің қылмыс жасап қойғандай үрейленуінің қажеті жоқ. Жеке тұлғалардың, ресми не бейресми болсын жұмыс істеп жүргендердің үйлерін аралап, тексермейді. Жалпы, бірде-бір адам 42500 теңге алғаны үшін, тіпті, жіберген қателігі үшін қылмыстық жазаға тартылмайтыны брифингтегі министрдің хабарламасында егжей-тегжейлі айтылды.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажары» газетінің өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар