Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Басшылықтағы жаңа есімдер - АРҚА АЖАРЫ

Басшылықтағы жаңа есімдер

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаевтың 2020 жылғы 13 сәуірдегі өкімімен Димаш Аманжолұлы Таласбаев облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Димаш Аманжолұлы Таласбаев 1969 жылдың 17 тамызында бұрынғы Көкшетау облысы Рузаев ауданының орталығында туған. 1994 жылы Смағұл Сәдуақасұлы атындағы Көкшетау ауыл шаруашылығы инс-
титутын агроном-ғалым мамандығы, 2006 жылы «Фемида» заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы гуманитарлық-техникалық академияның экономика магистрі дәрежесі берілді. Үйленген, 3 бала тәрбиелеуде.
Еңбек жолын 1983 жылы бұрынғы Көкшетау ауданына қарасты «Бұлақ» кеңшарында комбайнер болып бастады. 1986 жылы Петропавл қаласындағы «Союзцелинвод» кәсіпорнында көлік цехының слесарі, келесі жылы Зеренді ауданының КСРО-ның ХХІV съезі атындағы кеңшарда автокөлік жүргізушісі болды.
1987-1989 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтейді. 1994-1998 жылдары Зеренді ауданының орталығында орналасқан «Бұлақ» кәсіпорнының агрономы, кейінірек экономисі болып қызмет істеді. 1998-2000 жылдары Зеренді ауданының «Конезавод-47» серіктестігінің директоры, 2002 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсірепов ауданындағы «Червонный» серіктестігінің агрономы, келесі жылы осы ауданда орналасқан «Жазық-2000» серіктестігі директорының орынбасары, 2004 жылы «Зеренді астық» серіктестігінің бас агрономы болып істеді. 2004-2009 жылдары Зеренді ауданының Күсеп селолық округінің әкімі, 2009-2011 жылдары Зеренді аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2011-2013 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, 2013-2020 жылдары Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен Бейбіт Әйтімұлы Жүсіпов облыстық білім басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Бейбіт Әйтімұлы 1961 жылы Зеренді ауданының Қарабұлақ ауылында туған. 1984 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін математика және физика пәнінің мұғалімі ретінде тәмамдаған. Еңбек жолын 1978 жылы Зеренді ауданының Қарабұлақ ауылында бастаған. 1984 жылдан бастап, біраз уақыт білім беру саласында мұғалім болып еңбек етті. Уәлиханов ауданының Южный орта мектебі, Зеренді ауданының Заборовка сегіз жылдық мектебінде, Қарабұлақ және Зеренді орта мектептерінде директор қызметін атқарды. 2001-2013 жылдары аралығында Зеренді аудандық білім бөлімінің басшысы, 2013-2014 жылдары Зеренді ауданы әкімінің орынбасары болып істеді.
2014-2015 жылдары Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары, 2015-2019 жылдары Көкшетау қаласының білім бөлімінің басшысы, 2019-2020 жылдары Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары болды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар