Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Облыстық әкімдікте - АРҚА АЖАРЫ

Облыстық әкімдікте

Әлі де тәртіп пен сақтық керек

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті мәлімдемесінен кейін облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткізілген төтенше жағдайға байланысты өңірлік жедел штабтың отырысында тың міндеттер белгіленді.

– Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған карантин мерзімін 11 мамырға дейін ұзарту туралы халыққа мәлімдеме жасады. Онда ағымдағы жағдайға баға беріліп, бірқатар міндеттер белгіленді. Мемлекет басшысы халықтың кірісін сақтауға, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың барысын баяндап берді. Біз астана маңайында орналасқан аудандарда індетке шалдыққан емделушілерге жіті көңіл бөлуіміз керек. Сонымен қатар, көктемгі егіс жұмыстарын басты назарда ұстауымыз қаже, – дей келіп, облыс әкімі Ермек Маржықпаев алдағы уақытта атқарылатын
іс-шараларға кеңінен тоқталып өтті.
Соңғы мәлімет бойынша Ақмола облысында 927 адам медициналық бақылауға алынып, оның 316-сы ауруханаларға жатқызылған. Үй карантинінде 611 адам бар. Ал, зертханалық тексерістен коронавирус індеті расталған 93 адам, оның 31-і аурудан айығып шыққандар.
Отырыс барысында карантин кезеңінің жеңілдетілуіне байланысты бірінші кезекте өнеркәсіп кәсіпорындары, құрылыс, жол құрылысы және көлік компаниялары, банктер және халыққа қызмет көрсету орталықтары мен техникалық қызмет көрсету орталықтары жұмысқа кірісетіні айтылды. Атап айтқанда, өңіріміздегі 55 өнеркәсіптік-индустриялық кәсіпорын мен асфальтбетон зауыттары өз жұмысын жандандырады. Алайда, барлық санитарлық нормаларды сақтап, жұмыс орындарында үнемі дезинфекция жүргізу мәселесі бақылауда болуы керек екендігі тапсырылды. Қала мен аудан әкімдеріне карантин кезінде аула алаңдарында тәртіпті қатаң бақылауда ұстау керектігі де баса айтылды. Сонымен қатар, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай қажетті іс-шараларды жүзеге асыру керектігі тапсырылды.
Әкім отырыс соңында өңірдегі азық-түлік қорын толықтырып отыруды, карантин тәртібін сақтауды, көктемгі егіс науқанын ойдағыдай өткізуге көңіл бөлу керектігін айтып, тиісті басқарма басшыларының алдына нақтылы міндеттер жүктеді.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар