Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шағын концерт – көңіл ажары - АРҚА АЖАРЫ

Шағын концерт – көңіл ажары

«Біз біргеміз!» акциясы аясында облыс орталығының өнерпаздары қала тұрғындарына арнап, көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларында шағын концерттік бағдарламалар ұйымдастыруды қолға алды. Шараның мақсаты карантин режимінде отырған тұрғындардың көңіл-күйін көтеру болып табылады.

Карантин режимінің қатаң тәртіптерінің бірі үйде отыру екені белгілі. Осылайша облыс аумағына енгізілген шектеу шаралары күшіне енгеннен бастап, төрт қабырғаға қарап отырудан жалыққан тұрғындардың көңілін көтеру үшін қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда. Мысалы, қала өнерпаздары Центральный шағын ауданының қарттар мен егде адамдар көп тұратын көп қабатты үйлерінің орталық ауласын думанға ұластырып, жарты сағаттық концерттік бағдарлама ұсынды. Тұрғындар балкондары мен терезелерінен қарап, біраз көңілдерін көтеріп, серпіліп қалды.
–Біз осы төтенше жағдай уақытына арнап, бірнеше іс-шаралар атқарып жүрміз. Күн сайын қаламыздың егде адамдарына бір мезгіл ыстық тамақ таратамыз. Екі-үш көлік шығарып, дауыс зорайтқыш құралдармен тұрғындарға карантин режиміндегі тәртіпке бағынудың маңыздылығы туралы хабарландырулар жасап, халықтың үйде отыруын, балаларын далаға шығармауларын сұраймыз. Олар үйлерінен шықпаулары үшін облыс орталығындағы көп қабатты үйлердің аулаларына барып, шағын концерттер ұйымдастыруды одан әрі де жалғастыра түсеміз деген ойымыз бар,–дейді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Сәбитова.
Мұндағы балконнан өнер думанын тамашалаған тұрғындар қол соғып, алғыстарын білдіріп жатады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай форматтағы шағын концерттерге сұраныс арта түскен. Алдағы уақытта Ұлы Жеңістің 75 жылдығы құрметіне соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері тұратын аулаларда да осындай бағдарламалар ұйымдастырылмақшы.
Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар