Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақ білсін! - АРҚА АЖАРЫ

Қазақ білсін!

Сүт тағамдары

Құрт. Сабада жиналып пісілген іркітті, майы алынғаннан кейін, түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып, қайната береді. Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін, арнаулы құрт былғауышпен (басында қырғыш темірі болады) әлсін-әлсін қазанның түбін, ернеуін қырып, араластырып отырады. Әбден қойылған құртты қапқа құйып, керегеге асып қояды, сонда оның қалған суы тағы да ағып құрғайды. Бұдан кейін қолмен бөлшектеп, тақшаға, шиге, қолмен сықпалап өреге жайып кептіреді. Көгермей, қызбай, біртегіс кебу үшін, өреде жатқан кезде, оны бірнеше рет аударыстырады. Осындай әдіспен қайнатып, кептіріп алған құрт жыл бойына сақтала береді. Құрт күшті ас, ол әртүрлі тамаққа қосылады. Құрттан істелетін немесе құрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлерін айта кету қажет.
Жас құрт. Сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп, бастырма ретінде, шаймен бірге дастарқанға қояды. Әсіресе, бауырсаққа, кепкен құртқа тісі өтпейтін қарттар үшін өте кенеулі ас болып саналады. Ертеректе жас құртты мипалауға, құйрық-бауырға қосқан. Құрттың сары суын сүт қосып қайнатып, ірімшік жасайды, ауырған малға ішкізеді, әйелдер шаштарын жуады, сондай-ақ одан тері илеу үшін малма жасайды.
Көбік. Қайнап жатқан құрттың қалқып алған беті. Майлы, кенеулі ас ретінде жас балаларға, қарттарға қалқып беру салт болған. Бұрын құрт қайнатқан үйден көбік жалаймыз деп, ауыл балалары келіп жиналатын әдет те болған.
Ыстық құрт. Қайнап жатқан құртты алып, май қосып, сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына және суық тиіп ауырған сырқаттарға ем саналған.
Сықпа құрт. Мұның қайнатқан құрттан айырмашылығы сол ашыған айран қапқа құйып сүзіледі де тұздалып, әртүрлі үлгімен бөлшектеліп тақтайшаға кептіріледі. Сықпа құртты бастырма ретінде пайдаланған. Мұндай құрт жайған әйел ауыл балаларына арнап, дөңгелек жасап, жіпке тізіп, мойындарына іліп беретін қуанту салты болған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар