Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Біз – ризамыз! - АРҚА АЖАРЫ

Біз – ризамыз!

Қазақстан халқы Ассамблеясының биылғы мерейлі 25 жылдығында алға қойылған міндеттерді орындауға бағытталған ауқымды істердің атқарылғандығына, жүріп өткен сындарлы жолдарға қарап, осының барлығын ел болып еңсера алғанымызға көңіліміз толады. Бұл қандай мақсат-міндеттер екендігін барлық қазақстандықтар біледі және түсінеді. Осының барлығы Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған еді. Ол әрқашан көпұлтты Қазақстанның азаматтарын ұлтаралық татулық пен бірлікті сақтап, достық діңгегін берік ұстауға шақырды.

Мен өзім кәріспін, ал, менің жарым Любовь Васильевна орыс ұлтынан. Біздің отасқанымызға 33 жылдың жүзі болды. Аялап өсірген қызымыз бар, ол орыстың жігітімен бас қосып, шаңырақ көтерді, қазір немерелеріміздің әр қылығына мәз болып, қуанып отырамыз. Жалпы, түрлі ұлт өкілдерінің некелесуі Қазақстанда, оның ішінде біздің Ақмола өңірінде таңсық емес. Біз нәсілге бөлінбейміз, көршілеріміз де өзге ұлт өкілдері болса, олардан бөлектенбейміз. Керісінше, олардың мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен танысып, тәрбиелік мәні зор, пайдалы тұстарын алып отырамыз, өзіміздің де салтымызды көрсетіп, жақын араласуға тырысамыз. Міне, осылайша, біздің елімізде достық, ұлттар тәрбиесі мен толеранттылық рухы нығайып, барлық адамдарға деген сыйластықтың әдемі үлгісі қалыптасты. Бірі-біріміздің түсімізге, түрімізге, кескін-келбетімізге қарамаймыз, бұл біздің аналарымыздың ақ сүтімен де берілген болар. Себебі, тарихтың толқынында біздердің ата-бабаларымыз талай қиындықтарды бастарынан кешіріп, қазақ деген елден көп жақсылық көрді ғой.
Зеренді аудандық ауруханасында дәрігер-гинеколог болып еңбектеніп жүргеніме де біраз уақыт өтіпті. Осы жылдар аралығында түрлі ұлт өкілдерінің балалары мына жарық дүниеге келді. Қазақтар, немістер, орыстар, мордовалар, кәрістер, беларусь, татарлар және тағы да басқалары толып жатыр. Біздің ауданда отыздан астам ұлттардың өкілдері тұрады. Шыр етіп мына жарық дүниеге келген әрбір сәбиге біздің интернационал ұжым мәз болып, өздерінің туған балалары туып жатқандай қуанады, ана мен баланың денсаулығы үшін күреседі. Қазіргі уақытта осында дүниеге келген ең алғашқы сәбилерім Отанымыздың белді де құрметті азаматтарына айналып отыр. Мен олар үшін қуаныштымын. Олардың дендері сау болып, мына өмірдің қызық-қуанышын көріп жатқандықтарына менің де үлесім мен еңбегім бар екендігіне қуанамын.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдар қиын болғандығы сөзсіз, экономикалық мәселелер туындап, аумалы-төкпелі кезең әрбір отбасына әсер етпей қоймады. Тіпті, бұл біздің елді хаосқа да алып келер еді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сол кездегі саяси көрегендігі мен даналығының арқасында бірегей ұйым қалыптасып, барлық ұлттар мен ұлыстар бірікті, олардың бірлігі мен татулығын нығайтып, тілі мен мәдениетін сақтап қалуға бағытталған жұмыстар қолға алынды. Ол ұйым – Ассамблея еді. Қазір оның тамыры тереңге жайылып, облыстарда филиалдары ашылып, жұмыс істеп жатыр. Достық үйлері мен орталықтары, қоғамдық келісім үйлерінің қызметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысымен пара-пар, яғни, жұмыстары еліміздің ең басты байлығы мен игілігі – ұлтаралық бейбітшілік, этностардың сәйкестігіне, сонымен бірге, барлық мәдениеттері мен дәстүрлерінің өзара кірігіп кетуіне бағытталған, оның барлығы рухани жағынан әрбір этносты байыта түседі. Ал, бұл мәселе басқа да сипатқа ие болуына мүмкін еді ғой, мысалы КСРО құрамында болған басқа мемлекеттердегідей достық, ағайындық, бауырмалдық қасиеттерді ұмытып, оларға құрмет көрсетпей, жақсы өмір сүруге жағдай жасалмаса не болар еді? Міне, сондықтан да біздің Елбасымыздың бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы рөлі мен еңбегі зор. Біз оған елімізде әрбір ұлттың өз тілінде сөйлеп, өзінің мәдениеті мен салтын білуіне, өз тілінде кітап оқып, ата-бабасының салтын сақтауына жағдай жасағандығына ризамыз.
Жыл сайын 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін шын көңілмен қуана тойлап, орталық алаңға шығып, бірі-бірімізді құттықтап, ашық аспан мен бейбіт өмір тілейміз. Өкінішке орай, биыл елімізде жарияланған төтенше жағдай мен карантин режиміне байланысты бұл ерекше мерекені үйде қарсы аламыз, бұдан оның маңызы мен сипаты жоғалып кетпейді. Үйде отырып та, отбасыңмен тойлауға болады. Бір-бірімізді телефонмен қоңырау шалып немесе әлеуметтік желілер арқылы құттықтап, игі тілек, ақ ниеттерімізді білдіреміз. Қазір елде «Біз біргеміз» акциясы кеңінен танылып отырғандығы жайдан-жай емес. Біз қуанышты күндерде де, қиын сәттерде де, елімізбен біргеміз. Біз біріксек, алынбайтын қамал жоқ!
Ертеңіміз жарқын, болашағымыз көркем боларына сенім зор! Жақсы күндерде жолыққанша, мереке құтты болсын!
Валерий КАН,
Қазақстан халқы Ақмола
ассамблеясының мүшесі,
Зеренді аудандық
ауруханасының дәрігері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар