Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Ардагерлер туралы» заң қабылданады - АРҚА АЖАРЫ

«Ардагерлер туралы» заң қабылданады

Бұл қуанышты хабар ардагерлер қауымын бір серпілтіп тастағаны шындық. Өйткені, мұндай заң Ресейде, жалпы, ТМД елдерінің көпшілігінде бар. Міне, осы көптен күткен Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының пленарлық отырысының алғашқы оқылымында мақұлдағаны белгілі болды.

Сонымен, «Ардагерлер туралы» Заңның қабылдануы көптің көкейінде жүрген күрделі мәселе болатын және бұл мәселе ұзақ жылдардан бері көтеріліп келеді. Бұл Заң барлық ардагерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларға берілетін жеңілдіктердің, көмектердің бәрін жүйелеуді көздейді. Құжатта қолданыстағы заңнама бойынша ардагерлерге берілетін барлық жеңілдіктер мен кепілдіктер топтастырылған.
Осы Заң жобасының аясында қорғалатын 5 әлеуметтік санаттағы ардагерлерге Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, еңбек ардагерлері, Заңның күші қолданылатын басқа да санаттағы тұлғалар жатады. Сондай-ақ, интернационалист-жауынгерлерді, Чернобыльдағы апат салдарын жоюға қатысушыларды, сондай-ақ, Социалистік Еңбек Ерлерін әлеуметтік қолдау бойынша шараларды күшейту ұсынылды. Осы 5 санатқа жататын ардагерлерге барлық қолданыстағы жеңілдіктер мен жәрдемақылар сақталады.
Міне, осы заңның қабылдануы қарсаңында, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде Ғосман Төлеғұлдың пікірін білдік. Бұл Заңның қабылдануын қуана құптаған ол:
– Елімізде «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданатынына өте қуаныштымыз. Бұл заңның қабылдануы көптен көтеріліп келе жатқан мәселе болатын. Оның бірнеше нұсқасы да жасалған. Өкінішке орай, бүгінде екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлер азайып қалды. Қазір біздің Ақмола облысы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысқан 38 ардагер бар. Ал, жалпы, еңбек ардагерлерінің саны 112 мыңнан астам. Соғысқа қатысқан ардагерлердің дәрежесіне теңестірілетін Ауған соғысына қатысқандар 900 адамның шамасында. Оған тылда еңбек еткендер мен локальдық соғысқа қатысқандарды қосамыз. Мәселен, тәжік-ауған шекарасында қызмет еткендер. Міне, осындай санаттардағы адамдарға мемлекет тарапынан бір заңның қажеттігі, оларға тиісті жағдай жасалу керектігі әрине, бұрыннан белгілі еді. Жалпы, мұндай Заң басқа республикаларда бұрыннан қолданыста. Бұл Заң жобасы Сенатқа жіберіліп, қабылданғаннан кейін осы санаттағы адамдардың барлығына мемлекет тарапынан, қоғам тарапынан тиісті жағдай жасалады деп сенеміз. Бұл Заңның қабылданғалы жатқандығы әсіресе, аға ұрпақ өкілдерін ерекше қуантып отыр, – деді.
Бүгінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалардың бірқатар мемлекеттік салық түрлерінен босатылғаны «Ардагерлер туралы» Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданған мәжілістің жалпы отырысында белгілі болды. Заң қабылданса, оны барша қазақстандықтар қолдайтыны сөзсіз. Өйткені, бұл ардагерлеріміздің абыройы. Қашанда аға ұрпақ – ардагерлеріміз аман болсын!
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар