Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Досым атам – ержүрек жауынгер - АРҚА АЖАРЫ

Досым атам – ержүрек жауынгер

Менің атам Досымның кіндік қаны тамған жері бұрынғы Торғай облысы Аманкелді ауданына қарасты Ұзынқоға ауылы. Атам 1900 жылы кедей шаруаның шаңырағында дүниеге келген. Жастайынан әкесінен айырылған атамды ағалары қолына алып тәрбиелейді. Қиын-қыстау кезеңде бір байдың қой-қозысын бағып, күн кешеді. Өмір соқпақтарының солай қалыптасуынан, сауат ашуға мүмкіндігі болмайды.

Атам 1941 жылы басталған Ұлы Отан соғысына қатысып, 1946 жылы еліне аман-есен оралады. Елімізді жаудан қорғау мақсатында Беларуссия және Украина жерлерінде жауға қарсы шайқастарға қатысқан. Атамның айтуы бойынша шағын Ұзынқоға ауылынан бірден 14 жас жігіт сұрапыл соғысқа аттанған. Соғыс аяқталып, елге қуаныш сыйлаған соң азаматтарымыз елге орала бастайды. Бірақ, ауылдан аттанған сол 14 жастың ішінен тек атам ғана аман-есен елімен қауышқан. Майдандағы ерлігі үшін Даңқ ордені, басқа да медальдармен марапатталады.
Ел соғыс зардабын тартып, адам күші жетіспей жатқан уақыт. Осы кезеңде Досым ата колхозға шопан болып жұмысқа орналасты. Содан ұзақ жылдар қой бағып, 1968 жылы наурыз айында зейнет демалысына шығады. Өмірінде ат құлағында ойнап, көкпар тартқанды жаны сүйетін. Діни тұрғыдан өте сауатты кісі болған екен. Өзінен кейінгі өмір жолын 6 баласы жалғастырған. 1980 жылы желтоқсан айының 4 жұлдызында туып-өскен өлкесінде көз жұмады. Бір әкенің жалғыз аманаты болған. Атамның еңбекқорлығы, ержүректілігі мен үшін өмірлік үлгі-өнеге. Оның қан майдандағы ерлігін ешқашан ұмытпаймын, ертең өз балаларыма да айтып отырамын.
Әнуар СЕРІКБАЙ,
Жалтыр №4 орта мектебінің 9 сынып оқушысы.
Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар