Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өмірі ұрпақтарына өнеге - АРҚА АЖАРЫ

Өмірі ұрпақтарына өнеге

Әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғысқа Қазақстаннан жүздеген мың адам қатысты. Біздің ата-апаларымыз сұрапыл соғыстың басталған күнінен аяғына дейінгі барлық кезеңінде ерліктерімен көзге түсті. Біздің әкеміз Қари Тілеужанұлы Тоқсанбаев та 1941 жылдан 1945 жылға дейін Қиыр Шығыс әскери округінің 187-інші жеке артиллериялық атқыштар полкінде болып, ұрыстарға қатысты.

Владивосток қаласы түбіндегі ұрыстарда ауыр жараланып, госпитальда емделді. Отанға деген қасиетті сүйіспеншілік әкемізге жауынгерлік борышын ақырына дейін орындап шығуға қуат берді.
1946 жылы әкеміз елге оралып, үй іші қуанышқа кенелді. Ауылға келген соң малшы болып еңбек етті.Зейнеткерлікке шықса да, шаршау дегендi бiлмейтiн әкеміздің сөзі мен ісі бір арнаға тоғысып, еңбекқорлығы мен мәрттігінен құбылған емес. Анамыз Бикәмәл Махметқызы екеуі ұрпақтарын Отанға пайдалы, еліне мейірімді, адамгершілігі мол етіп тәрбиеледі. Жыл сайын Жеңіс күні омырауына Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін алған II дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені, «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдары мен тағы басқа да мерейтойлық медальдарын тағып, жиындарға қатысып, жас жеткіншектерге өз батасын беруші еді.
Ақыл-кеңестің таусылмас қазынасындай болып үйдің төрінде отыратын асқар тау әкеміз 87 жасқа жеткен кезінде, 1997 жылы бұл дүниеден мәңгілік сапарға аттанды. Үлкен жанашырлықпен айтқан сөздері әлі күнге біздің есімізде. Ержүрек, батыл, елге сыйлы әкемізді ешқашан есімізден шығармаймыз. Балаларымыз, яғни, әкеміздің немерелері, шөберелері де аталарының ерлігін ұмытпасын, біліп жүрсін, мақтан етсін дейміз. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға, достық пен бірлік ұғымын дұрыс түсіне білуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ал, бүгінгі ұрпақтың міндеті сол ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраны, яғни, ұлан байтақ жерімізді, тілімізді, дінімізді, ұлттық мәдениетімізді болашақ ұрпаққа аманат етіп жеткізу болса керек.
Жеңіс күні соғыстан оралмай қалған ерлеріміздің рухына бас иіп, арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне құрметпен қарап, олардың қайсарлықтары мен ерліктеріне тағзым етуге тиіспіз. Сол аға ұрпақ өкілдерінің ішінде өз әкеміз Қари Тілеужанұлы Тоқсанбаевтың бары да біз үшін зор мерей. Ұлдары Дулатхан, Әмірхан, Мырзахан, қызы Әзина аяулы әкелерін бір сәт те ұмытпай, үнемі соғыс жылдарындағы, бейбіт өмірдегі болсын, жақсы қырларын сағынышпен айтып отырады. Бізге керек ұрпақтар сабақтастығының мән-мағынасы да осы болса керек.
Зура ТОҚСАНБАЕВА,
келіні.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар