Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көктемгі егіс – 2020 - АРҚА АЖАРЫ

Көктемгі егіс – 2020

Мол өнім алуға негіз бар

Ақкөл ауданының диқандары биылғы жылы да мол астық алудан үмітті. Олар ауыл шаруашылығы техникаларын толық жөндеді. Бүгінгі күні сапалы тұқым ашық аспан астына шығарылып, дәріленуде. Сондай-ақ, тұқым себу жұмысы да басталып кетті.

Биылғы жылы ауданның 27 серіктестігі мен 84 шаруа қожалығы 143,7 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын себеді. Оның 135 мың гектар жеріне дәнді және бұршақты дақылдар, 840 гектарына майлы дақылдар, 6,1 мың гектарына азықтық дақылдар егіледі. Сондай-ақ, 294 гектар алқапқа көкөніс, 1,5 мың гектарына картоп отырғызылады. Аудан шаруашылықтары өткен жылы өз қамбаларына 18 мың тонна тұқым құйып алған болатын. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Гүлжан Кенжинаның айтуынша, барлық тұқым «Казагрэкс» зертханасында талданып, 84,4 пайызы 1 және 2 класқа, 15,6 пайызы 3 класқа жатқызылған екен.
–167 тонна жоғары сапалы бидай тұқымы, 10 тонна азықтық дақыл тұқымы сатып алынды. Мәселен, «Akkol biff» серіктестігі 10 тонна элиталық судан шөбінің тұқымын, «Юржен» шаруа қожалығы «А.И. Бараев атындағы ғылыми өндірістік орталығы» серіктестігінен 5 тонна сұлы тұқымын сатып алды. «Хлебороб» серіктестігі «Родина» агрофирмасынан» 100 тонна элиталық бидай және «Достық 06» серіктестігінен 30 тонна арпа тұқымын сатып алуға өтінім берді. «Нива» шаруа қожалығы 32 тонна элиталық бидай тұқымын сатып алды.
Аудан шаруашылықтарына көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 2300 тонна дизель отыны қажет. Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бұл ауданға 1820 тонна кепілдендірілген дизель отынын бөлген. Оның 1 литрі 165 теңге. Наурыз бен сәуір айларында 1735 тонна жанар май тасымалданып алыныпты. Шаруашылықтарда өздерінің 1560 тонна дизель қоры болған.
–Техника сақадай сай дайын тұр. 1505 трактор, 151 жүк автокөлігі, 361 сеялка, 33 егіс кешені, 1090 жер өңдейтін агрегаттар жөнделді. Машина-трактор паркін қазіргі заманғы өнімділігі жоғары техникамен жаңарту аясында жыл басынан бері 5 жаңа ауыл шаруашылығы техникасы және 314,8 миллион теңгенің қондырғысы сатып алынды. Бұл бағытта «Еңбек» серіктестігі, «Давыдов» жеке кәсіпорыны, «Құрылыс» шаруа қожалығы белсенділік танытты. Нұр-Сұлтан қаласында тұратын ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларының көктемгі дала жұмыстарына дайындалуы үшін астанадан кедергісіз шығуын ұйымдастыру бо-
йынша «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге белсенді жұмыс жүргізілуде,–дейді Гүлжан Кенжина.
Ауданда ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру жұмысы да жалғасуда. 13 сәуірге дейін 221,7 мың гектар егіс алқабы, 298,8 гектар шабындық жер, 202,4 гектар көпжылдық шөп алқабы, 231700,76 гектар жайылым жер цифрландырылыпты. Енді 42759,24 гектар алқап цифрландырылмақшы. Бұл алқаптардың жер учаскесіне құжаттар дайындалуда. Құқық берілетін құжаттарға өзгертулер енгізілуде. 6,1 мың гектар жердің иесі болмай шығыпты. 3,7 мың гектар алқаптың иелері шара қабылдаудан бас тартқан. Бірнеше мәрте ескерту жасалыпты. Қаржылай қиыншылық та бар көрінеді. 9,6 мың гектар жерге тиісті құжаттар толтырылуда. Оның ішінде «Щучинский гормолзавод» серіктестігінің, «Кенебай» және өзге де шаруа қожалықтарының жері бар. 23,3 мың гектар жерді цифрландыру барысында құжаттар дайындау, геометрияның және тиісті базадағы тіркеудің жоқтығы тәрізді қиыншылықтар кездесуде. Дегенмен, аудан диқандары агротехникалық шараларды тиімді пайдаланып, мол өнімнің негізін қалаймыз деп отыр.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар