Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлы Жеңіс – 75 - АРҚА АЖАРЫ

Ұлы Жеңіс – 75

Соғысқа бір аяғын беріп келіп еді

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 жыл толды. Бірақ, соғыстың салған жарасы әлі жазылар емес. Осы орайда, ойымда жүрген бір үзік сырыммен бөліскенді жөн көрдім.

Әкем Айтқожа Доштайұлы Әбдірахманов 1918 жылы бұрынғы Көкшетау облысының Чкалов ауданында дүниеге келген. Петропавл педучилищесін бітіріп, география пәнінің мұғалімі болды. Дүниені дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысы басталғанда қолына қару алып, Белорус майданы мен Курск доғасындағы қан майданның алғы шебінде жүрді. Балғын балалық шағымда әкеме жиі сұрақ қоятыным әлі есімде. Бірде оның оң жақ шынтағында қарайып, дөңгеленіп шығып тұрған дақты сипап, «бұл не?» деп сұрадым. Ол маған күлімсіреп, «ащы өмірден қалған естелік» деп қысқаша жауап қайырды. Денесі мен аяқ-қолы бұдыр-бұдыр тарамдар мен тыртықтарға толы еді. Осы сұм соғыстың қалдырған іздері әкеміздің сол сұрапыл жылдары басынан қиын жағдайды өткергенін білдіретін.
Әкем қанды көйлек жауынгерлермен бірге бір елді мекенді неміс басқыншыларынан құтқару үшін бір апта бойы шайқасады. Сол жолы аяқ астынан ішінен жарақаттанады. Жаралы болса да ұрыстың соңына дейін жүріпті. Соңғы бір шайқаста жарылған снарядтың жарықшағы оң аяғына тиіп, тоғыз ай госпитальде жатуына тура келеді. Жарасы асқынғаннан болар бір аяғын кесіп тастайды.1943 жылдың соңында балдақпен елге оралады. Үйде қарап отырмай, мұғалімдік қызметін қайта жалғастырады. 1955 жылға дейін бұрынғы Еңбекшілдер ауданының Сәуле ауылдық мектебінде еңбек етті. Кейін осы ауданға қарасты Ұйымшыл ауылына көшіп келіп, өмірінің соңына дейін тұрды. Әкеміз бір күн жұмыссыз отырмайтын. «Не, бір жерім ауырды» деп айтқанын естімеппін. Сыңар аяғымен 1960 жылға дейін мұғалім болды. Таяқпен жүріп, мұғалім қызметін атқару қиынның қиыны. 1982 жылға дейін кеңшарда парторг, есепші, фуражер болып жұмыс істеді. «Ұйқысы жоқ» деп таң қалатын ауыл тұрғындары.
Елдің еккен егініне, шөбіне, кесілген ағашына жаны ашып, шырылдап жүретін. Атқа жалғыз аяғымен қарғып мініп, өзі түсетін. Аттың үстінде тіп-тік отырушы еді. Бүгінгі күні жастардың екі аяғымен атқа шапшаң мініп, түскенін кездестірген емеспін. Қысы-жазы 40 шақырымдай жерде орналасқан аудан орталығына есеп беру үшін ай сайын арбамен, не салт атпен баратын. Алай-дүлей боран мен жауын-шашынға қарамаушы еді. Әріптестері бұл шыдамдылығын көріп, «Аю» деуші еді әзілдеп. Күні бойы екі таяқпен анда-мында шауып, жүре беру қиын болғанда қарға жантая кетеді екен. Қақаған аязда қар үстінде жамбастап біраз сағат жатқанына таң қалып, аю деп айтқандары ғой. Әкемнің кешке қарай үйге келгенде балдақ қажағандықтан болар, қолтығының асты шиедей қып-қызыл болып ісіп, ауыратынын олар қайдан білсін. Түскі астан соң 15 минуттай көз шырымын алып, тағы атпен шауып кететін. «Ауырдым, шаршадым» дегенін көрмедім, естімедім, тек қана қайтарының алдында бір жарым жылдай жатып қалды. Сол кезде соғыстан алған жарасының ауыртпалығын әкем көп көрді. Кемтарлығын құдай қосқан қосағы – апамыз білдіртпейтін. Ол кісі де тыл ардагері болды. Мектепте оқи жүріп, ұжымшар жұмысына 14 жасынан араласыпты. Сол кездегі ауыртпалықты үлкендермен бірдей көтеріп, көп қиыншылықты басынан өткерген. Кейін зеректігінің арқасында жеті жылдық біліммен ауылда 15 жыл есепші болып еңбек етті.
Бір қора мал мен құс ұстаушы едік. Үй мен қораның жұмыстарын бөлмей, ұл-қыз бірге жүретінбіз. Әкеміз жұмыстан келгенде, анамыз «әкелерің қуанып қалады» деп алдынан шығаратын. Мәз болып атын доғарысатынбыз. Отыратын жәшіктері мен саймандарын ішке енгізіп, улап-шулап үйге кіретінбіз. 30-ы күні ата-анамыз бақилық болса да, артынан ұрпақтары қалдық. Шүкір, ата-анамыздың «оқы» дегендерінің арқасында жетеуміз де жоғары білім алып, әр түрлі мамандық иелері атандық. Өзім әке жолын қуғаныма өкінбеймін, қайта мақтан тұтамын. Әкеміз 1984 жылдың 30 сәуірінде Жеңістің 39 жылдығы қарсаңында дүниеден өтті. Содан бері 36 жыл өтсе де әкемді бір күн есіме алмаған күнім жоқ. Осыдан бір жарым жыл бұрын 91 жасында анамыз да дүниеден озды. Әкеміз көре алмаған қызығымызды, жақсылығымыз бен жетістіктерімізді анамыз көрді. Барлығымыздың тілегімізді тілеп, риза болып, тәубелеп отырушы еді. Бұл өмірде түйгенім, санаң мен түйсігіңе Алла өзі бермесе, «сен бол, сен оқы» дегеннен, ештеңе шықпайды екен. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген нақыл сөз дұрыс айтылған. Ата-анамның аруақтарына басымды иіп, мың алғысымды айтамын. «Мен сендерді сағынамын, аса қадірлеп, әрқашанда ыстық ықыласыммен есіме аламын» дегім келеді. Ата-бабамыздың адал еңбегі, қан-терімен жеткен Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерей тойы құтты болсын! Ешқашан, соғыс болмасын, ешкім жамандық көрмесін! – дегім келеді баршаңызға.

Гүлбаршын МАҒЗҰМОВА,
мұғалім.
Біржан сал ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар