Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлы Жеңіс – 75 - АРҚА АЖАРЫ

Ұлы Жеңіс – 75

Жеңіс парадына қатысқан майдангер

Ұлы Отан соғысы адамзат үшін өте көп қасірет әкелді. Олай дейтініміз, осы соғыс барысында миллиондаған адам қиян-кескі ұрыстарда қаза тапты. Әлемді фашизмнен құтқаруға бағытталған соғысқа біздің еліміз Қазақстаннан да көптеген азаматтар қатысты. Қаншама отандастарымыз майдан даласында оққа ұшса, қаншама жерлестеріміз жараланып келді.

Менің әкем де Ұлы Отан со­ғысына қатысты. Арқаның әсем бір өңірі – Қасқатау бауырының бел баласы Әбдуәли Құсайынов оқып жүрген оқуын тастап, өзі сұранып соғысқа аттанғанда он жеті-ақ жаста болатын. Жауынгерлік жолын Белорус майданының 26-механикаландырылған дивизиясының құрамында Полоцк қаласын азат етуден бастап, соғыстың қиын-қыстау жолдарынан өтіп, Берлинге дейін жетті. Одақтастар әскерімен Эльбада кездесуі де пешенесіне жазылған екен.
–Жау бекіністерін талқандауда біздің әскер ерекше рөл атқарды ғой,–деп еске алатын ардагер атамыз. Өйткені, ол атышулы «Катюшалардан» атқылағандардың бірі болған ғой. Соғыс аяқталып, оқ-дәрінің күңсіген иісі басылғанның өзінде Әбдуәли ағамыз Германия мен Польшадан шыға алмай, сонда қала берді. Жоғары командованиенің ұйғаруымен сол елдерде жаңа қоғамды орнықтыруға ат салысты. Рас, оның елге келу сәті де болды, Мәскеуде 1945 жылғы Жеңіс парадына қатысты. Ақыры, содан тек 1951 жылы ғана туған елге оралды. Алматыдағы ІІМ жоғары оқу орнын аяқтаған соң, еңбек жолын Зерендінің милиция органдарынан бас-
тап, Көкшетау аудандық ішкі істер бөлімінде зейнеткерлікке шыққанша халқының бейбіт күндегі тыныштығының сақшысы болды. Өз ісіне жауапкершілігі мол, адал еңбек еткен азамат Көкшетау облыстық ішкі істер басқармасы бастығының алғыстарын алды. Қырғын соғыстан аман келген әкеміздің бейбіт өмірде де қызмет бабымен өз басын қатерге тіккен кездері аз емес.
1971 жылы зейнеткерлікке шыққан соң ендігі еңбек жолын халық шаруашылығына арнады. Сөйтіп, ол бұрынғы Уәлиханов ауданының «Гагарин» кеңшарында тағы бес жыл совхоз директорының орынбасары болып істеді.
1976 жылы іскер, тәжірибелі маман Ақбұлақ (бұрынғы Придорожное) ауылына байланыс бөлімінің бастығы қызметіне жіберіледі. Осы қызметте 1988 жылдан бастап өмірінің ақырына дейін абыройлы еңбек етеді.
Ұлы Жеңіске, бейбіт өмірге қомақты үлес қосқан әкеміз өмірлік жары Мүслима апамыз екеуі, 2 ұл, 5 қыз тәрбиелеп өсірді. Жеті баладан туған 20 немере-жиендері халқының тыныштығы, ұрпағының бақыты үшін жан аямай күрескен аталарының өмірін жалғастыруда. Әкеміздің баға жетпес суретіне қараған сайын, өткен жылдар естелігі көз алдымызға жарқ етіп келе қалады.
Бүгін өзі жоқ болса да, артында оның көзі – ұрпағы қалды. Міне, Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойын атап жатырмыз. Отанымызға, халқымызға осы ұлы күнді жақындатса да, бүгінгі мерекеге жетпеген майдангер атамыздың жатқан жері жарық болып, топырағы торқа болғай.
Қарлығаш ӘБДУӘЛИҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар