Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
17 мамыр – ЖИТС-тан қайтыс болған адамдарды еске алу күні - АРҚА АЖАРЫ

17 мамыр – ЖИТС-тан қайтыс болған адамдарды еске алу күні

СПИД қауіпті күйінде қалуда

Жұқпалы иммун тапшылығы синдромынан (СПИД) қайтыс болған адамдарды еске алу күніне орай, өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысы ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының бас дәрігері Құрманбек Бұрмағановтың қатысуымен брифинг өтті.

–Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде әлемде ЖИТС-тан қайтыс болған адамдарды еске алу күні атап өтіледі. Мұндағы басты мақсат халықты аталмыш індет жайлы көбірек ақпараттандыру, ЖИТС-қа шалдыққан науқастарды қолдау,–деді Құрманбек Бұрмағанов брифингте сөйлеген сөзінде. Биыл жұқпалы иммун тапшылығы синдромынан қайтыс болған жандарды еске алу күні 17 мамырға сәйкес келіп отыр. Жыл сайын бұл күні бұқаралық іс-шаралар, акциялар ұйымдастырылатын. Алайда, биыл әлемде коронавирус пандемиясының таралуы салдарынан көпшілік шараларды өткізуге тыйым салынғандығы белгілі. Сондықтан, орталығық мамандары ЖИТС-тің алдын алу шараларын, сондай-ақ түрлі байқауларды әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асыруды қолға алған.

Орталықтың эпидемиолог дәрігері Жұлдыз Молдахметованың айтуынша, облысымызда жұқпалы иммун тапшылығы синдромы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Алайда, жылда індеттің жаңа деректері тіркелуде. Мәселен, 2020 жылдың алғашқы төрт айында облыс бойынша бұл ауру 42 адамнан анықталған. Былтырғы жылдың есепті кезеңінде осындай 45 жағдай тіркелген екен. Облыста ЖИТС диагнозымен өмір сүріп жатқан науқастардың саны бұл күнде 735 адамды құрап отыр.

–Аурудың таралу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 99 адамды құрайды. 2019 жылдың он екі айы ішінде облыста 142 адамда ауруы тіркеліп, аурудың таралу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 96,9-ды құраған болатын. Өкінішке орай, бұл індет жастар арасында кеңінен таралуда. Ең көп таралатын жолы жыныстық қатынас арқылы. ЖИТС дерегі алғаш анықталғандардың басым көпшілігі әйелдер, – деді эпидемиолог дәрігер Жұлдыз Молдахметова.

Брифинг барысында Ақмола облысы ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының мамандары бұл ауруды ерте анықтау және диагностикалау, анадан балаға берілуін болдырмау мақсатында ЖИТС-ке тексерілу маңызды екенін ескертеді.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар