Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бір сәттік бейғамдық орманды ойран етеді - АРҚА АЖАРЫ

Бір сәттік бейғамдық орманды ойран етеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде онлайн режимінде болып өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы,азаматтық қорғау подполковнигі Алексей Советов облыс аумағында көктем-жаз айларында орман, дала өрттерін болдырмау және балалардың көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен құлап кету оқиғаларының алдын алу мәселелеріне тоқталды.
Басқарма бастығының айтуынша, өрті қауіпі бар маусымның басынан бері Зеренді, Ақкөл аудандарында 3 орман өрті, құрғақ шөп жануының 17 фактісі тіркеліпті. Өткен жылмен салыстырғанда өрт саны 70 пайызға, құрғақ шөптің жануы 37 пайызға азайған.
–Құрғақ шөп Көкшетау, Степногорск қалаларында бір реттен, Целиноград ауданында 6, Бурабай ауданында 3, Біржан сал ауданында 2, Зеренді, Ерейментау аудандарында бір реттен жанды. Дала өртінің туындауына ерте келген көктемнің жылы күндері және құрғақ шөп ықпал етті. Өрт қауіпі бар маусым басталысымен-ақ барлық қала мен аудандардың орманы мен далаларында өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамауды және рұқсатсыз от жағуды анықтау үшін рейдтер жүргізілуде. Облыстық төтенше жағдайлар, полиция департаменттері, облыстық табиғи ресурстар басқармасы мен аумақтық орман шаруашылығы инспекциясының 183 қызметкерінен тұратын 52 мобильдік топ құрылып, 152 рейд жүргізілді. Мобильдік топтар өртке қарсы талаптарды бұзуға жол бермеу үшін 11 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Орман мен дала өртінің алдын алу мақсатында 216 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушімен 19 дөңгелек үстел, 312 адаммен 35 кездесу, 586 адаммен 179 нұсқау шарасы өткізілді. БАҚ өкілдерімен тығыз жұмыс жүргізілді. Қала мен аудан әкімдіктері, коммуналдық қызметтер 133 аумақты күл-қоқыстан тазалады. Бұл жұмыс одан әрі жалғасады. Автокөлік жолдары мен теміржол бойында, орман мен елдімекендер айналасында арнайы жолақтар жыртылды. Өрт қауіпі бар маусымға дайын болмаған елді мекендерге 30 ескерту жасалып, қала мен аудан әкімдіктеріне тапсырылды. Шалғай елдімекендерді өрттен қорғау үшін облыс аумағын дамыту бағдарламасына 28 өрт бекетін құру мәселесі енгізілген болатын. Бүгінгі күнге дейін мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестік негізінде 24 өрт бекеті құрылды. Мұндай бекет биылғы жылы Біржан сал, Бұланды, Сандықтау, Аршалы, Целиноград аудандарында құрылмақшы. Облыста құрамында 1141 адамы бар өртке қарсы 208 ерікті құрылым жұмыс істейді. Олар 53 негізгі және 396 қосалқы өрт сөндіретін техникамен, 70 өрт мотопомпасымен, 1 мыңнан астам өртке қарсы инвентармен жабдықталған,–деген басқарма бастығы өрт қауіпсіздігі ережесін сақтаудың талаптарына да тоқталды.
Облысымызда жыл сайын көп қабатты үйлердің терезесінен құлайтын балалардың саны артуда. Олардың кейбіреуі қайтыс болды, көбі жарақат алды. Қайғылы оқиғалар балалардың қараусыз қалғанынан болып отыр.
–Төтенше жағдай енгізілгеннен бері Нұр-Сұлтан қаласында екі бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап, біреуі қайтыс болды. Балалардың терезеден құлауына қатысты төтенше жағдайларды азайту мақсатында жыл басынан бері біздің департамент пәтер иелері кооперативтері, жергілікті атқарушы органдар, облыстық білім басқармасы өкілдерімен бірге балалардың мектепке дейінгі мекемелерінде, мектептерде, тұрғын үйлерде әртүрлі әдіспен осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу жұмысымен айналысуда,–деді департамент бастығы екінші мәселе бойынша.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар