Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
15 мамыр – Халықаралық отбасы күні - АРҚА АЖАРЫ

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар! Қадірлі жерлестер!
Баршамыз үшін жылы да аяулы мереке – Халықаралық отбасы күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Отбасында әр адамның ішкі әлемі, Отанға деген сүйіспеншілік, еңбексүйгіштік пен үлкендерге деген құрмет сезімі қалыптасады. Отбасы бойымызда бір-бірімізге деген сыйластық пен жауапкершілікті, адалдықты орнықтырады. Ол барлық уақытта қоғамымыздың тірегі, рухани құндылықтарымыздың, мәдени және ұлттық дәстүрлеріміздің сақтаушысы болып келді, солай болып қала да береді.
Отбасы институтын қолдау және сақтау, оның әлеуметтік қорғалуын, ана мен баланың денсаулығын қамтамасыз ету деңгейін көтеру, демографиялық ахуалды жақсартуға қажетті жағдайларды қалыптастыру мемлекетіміздің аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Отбасы жағдайына қатысты мәселелердің бәрі де еліміздің бағдарламалық құжаттарынан көрініс тапқан.
Ақмола облысында қазір 14891 көп балалы отбасы тұрады, олардың басым денінің 4 және одан да көп балалары бар. 6778-і «Батыр Ана» атанып, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен,
1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталғандар.
Балалары бар отбасыларын қолдау жөніндегі кешенді шаралар мемлекет тарапынан тұрғын үй саясаты, білім беру және денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау сияқты бағдарламалар арқылы жәрдемақы алу және қызмет көрсету түрінде жүзеге асырылып келеді.
Жыл басынан бері 8457 көп балалы отбасыларына табыс мөлшеріне қарамастан, 1,5 миллиард теңге көлеміндегі мемлекеттік жәрдемақы берілді. Биылғы жылы атаулы әлеуметтік көмек бойынша 5 мыңнан астам аз қамтылған отбасыларына 1,7 миллиард теңге қаржы қарастырылып отыр. Сонымен бірге, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларының 4,5 мыңдай баласына 195 миллион теңге көлеміндегі кепілдендірілген әлеуметтік пакет берілетін болады.
Бізде ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алған, тәжірибесі мен білім-біліктілігін ұрпақтан ұрпаққа беріп келе жатқан еңбеккер әулеттер аз емес.
Баршаңызға бүгінгі тамаша мереке құтты болсын! Отбасыларыңызда әрдайым түсіністік пен береке-бірлік орын алып, ертеңгі күнге деген сенім серік болсын, ойларыңызға алған арман-мақсаттарыңыз орындала берсін. Сіздерге мықты денсаулық, игілік пен үлкен отбасылық бақыт тілеймін!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар