Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алқапта жұмыс қыза түсті - АРҚА АЖАРЫ

Алқапта жұмыс қыза түсті

Аршалы ауданының диқандары биылғы жылы 176,7 мың гектар алқапқа дәнді және бұршақты дақылдар, 2,9 мың гектар жерге майлы дақылдар, 400 гектарға көпжылдық шөп, 3,2 мың гектарға біржылдық шөп себуді және 900 гектар алқапқа картоп, 100 гектар жерге көкөніс отырғызуды жоспарлап отыр.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша диқандар бүгінгі күні 30,2 мың гектар алқапқа дәнді және бұршақты дақылдар сіңірді. Бұл барлық алқаптың 17,1 пайызын құрайды.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, егіс алқаптарын әртараптандыру және өнімділігі жоғары дақылдар себу жұмысы жалғасуда. 1,8 мың гектар жерге біржылдық, 400 гектарға көпжылдық шөп егілді. Дәнді және бұршақты дақылдар сіңірілетін 175,9 мың гектар алқаптың ылғалы жабылды. 182,3 мың гектар жер химиялық және механикалық әдіспен өңделді.
Аудан диқандары тұқыммен толық қамтамасыз етілген. 19 700 тонна тұқым ашық аспан астына шығарылып, дәріленді. Көктемгі егіс науқанында 548 трактор, 680 сеялка, 47 егіс кешені, 345 жүк автокөлігі пайдаланылуда. Барлық ауыл шаруашылығы техникасы егіс жұмысына сақадай сай дайын. Жұмыс жоспарына сәйкес, аудан бойынша дәнді дақылдар 20-22 жұмыс күнінің ішінде себіледі деп межеленуде. Ол үшін 2600 тонна кепілдендірілген дизель отыны тасымалданып алынған. Жанар майдың 1 литрі 165 теңгені құрайды. Егіс науқанын ойдағыдай жүргізу үшін 23 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне Аршалы несие серіктестігі арқылы 570 миллион теңге несие берілді. Диқандар әрбір ашық күнді тиімді пайдаланып, белгіленген жоспарды орындауға тырысуда.

Боранбай КӨМЕКЕЙ.
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар