Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әбу Насыр Әл-Фараби – 1150 - АРҚА АЖАРЫ

Әбу Насыр Әл-Фараби – 1150

Әл-Фарабидің мінсіз қоғам орнату жөніндегі ой-тұжырымдары

Әбу Насыр Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындары» трактатының алғашқы нұсқасын «Китаб ас-сийаса ал-маданиййа» деген атпен 942 жылы жазған екен. Ал, толық нұсқасын 948 жылы Мысырда аяқтаған.

Кітаптың көшірілген нұсқалары әлемнің бірнеше музейлерінде, мұрағаттары мен кітапханасында сақталған. Атап айтқанда Британия музейінде және Оксфорд университетінің Бодлиан кітапханасы қорында бұл еңбектің бірегей нұсқалары бар.
Аталған еңбек орта ғасырларда Еуропада кеңінен танымал болған. Ал, кейінгі кезеңде алғаш рет 1895 жылы ғылыми айналымға біржола енгізілді. Осы жылы бұл еңбек Голландияның Лейден қаласындағы «Бирбил» баспасында арабтанушы ғалым Фридрих Дитрицидің баспаға әзірлеуімен жарық көрген. Бұл кітаптың маңыздылығы – автордың өз еңбегінде қала болып қауымдасып өмір сүретін адамзат баласының өзара ешбір қайшылықсыз, мінсіз қоғамы қандай болуы керектігін жан-жақты сипаттауында деуге болады.
Адамзат тарихында меншіктің пайда болуымен мемлекет құрылып, оның өзіне тән сипаттары туып қалыптасқаны белгілі. Мемлекеттер өзінің құрылымы, басқару формасы, ұстанымы, күш-қуаты тұрғысында қаншалықты сан алуандыққа ие болса, олардың тарих сахнасындағы жетістіктері мен өзіндік ішкі қайшылықтары да соншалықты әрқилы болады. Адамзат баласы әрқашанда басқару тетігі барынша жетілген, мемлекетті құрушы барша халықтың көңілінен шығатын мемлекет құруға әрдайым талпынумен болды. Бұл тұрғыдағы әрекеттерге ой жүгірте отырып, алғашқы ой-пікірлер білдіріп, зерттеу жүргізген – антикалық дәуірдің ойшыл-философтары болды. Атап айтқанда, грек философтары Платон, Аристотельдер мінсіз де ізгілікті қоғам құру жолдары туралы өз идеяларын ұсынып, трактаттар жазды. Біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда жасаған грек ойшылы Платонның «Республика» еңбегі мен қытайдың философ ақыны Тао Юаньминнің «Шабдалы қайнары» атты туындыларында қайырымды қоғам мәселесі көтерілген.
«Әлемнің екінші ұстазы» атанған ойшыл ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби өзіне дейінгі грек философтарының идеалды мемлекет туралы ой-тұжырымдарын дамыта отырып, өзіндік тұжырым-қорытындыларын ұсынады. Ғалым қайырымды қала тұрғындары қалай болуы керек, оның жағымды-жағымсыз, дарынды-дарынсыз басшысына тән сипат-белгілер қандай т.б. жайлы жан-жақты талдау жасайды. Жалпы алғанда, адамзат баласының ең ұлы арманының бірі де осы қайырымды, мінсіз қоғам орнату ғой. Дүниежүзіндегі барлық дерлік халықтардың фольклорында, әсіресе, ертегілері мен аңыздарында мәңгілік бақытқа кенелген ел мен жер суреттелетіні – санадағы осы аңсар күй, асқақ арманның сөзбен жасалған сұлу суреті екендігі анық.
Түркілік таным аясындағы қазақ әдебиетінде де осы сипаттағы аңыздар мен ертегілер, кейіпкерлердің шоғыры қомақты. Мәңгілік өлмейтін қалып күйді іздеп сар далада ел кезіп мәңгіліктің күйін тартқан Қорқыт ата, жерінің түгі кілемдей, күн райы жыл бойына қоңыржай жылы, жігіті мәңгі жиырма бесте, қызы мәңгілік он сегізде болатын, жер бетіндегі жұмақ қоғам – Жерұйықты желмая-
сына мініп алып желіп жүріп іздеген Асанқайғының арманы мен Әл-Фарабидің ізгі қоғам құру туралы ойлары – айналып келгенде сол баяғы адамзат қоғамының бақытты тұрмыс кешуі жолындағы ізденістері екендігі анық.
Әл-Фараби бабамыздың мінсіз ізгі қоғам орнату жөніндегі мың жылдан астам уақыт бұрын жазған ой-пікірлері қазір де мәнін жойған жоқ. Адамзат әлі күнге дейін сондай идеалды қоғам орнату жолындағы ізденіс үстінде. Бұл жолда ұлы бабамыздың еңбектерінің тигізер әсері де аз болмасы даусыз.
Интернет материалдары бойынша дайындаған
Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар