Биылғы жылы Ақмола облысының диқандары 4 миллион 446,1 мың гектар алқапқа дәнді және бұршақты дақылдар, 254 мың гектар жерге майлы дақылдар, 32,5 мың гектарға көпжылдық шөп, 142 мың гектар алқапқа біржылдық шөп себуді және 15,7 мың гектар алқапқа картоп, 3,5 мың гектар жерге көкөніс отырғызуды жоспарлаған болатын.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, бүгінгі таңда облыс диқандары 640,3 мың гектар жерге, оның ішінде жарқайыңдықтар 76 мың гектарға, жақсылықтар 65,1 мың гектарға, есілдіктер 63,5 мың гектар алқапқа дәнді және бұршақты дақылдар сіңірді. Егіс алқаптарын әртараптандыру жұмысы биылғы жылы да жалғасып, 53,9 мың гектар алқапқа майлы дақылдар егілді. Оның ішінде Зеренді ауданы 13,8 мың гектар жерге, Атбасар ауданы 10,8 мың гектарға, Бурабай ауданының диқандары 6,5 мың гектар алқапқа майлы дақылдар сіңірді. Сондай-ақ, 6,4 мың гектар жерге көпжылдық шөп, 44,3 мың гектар алқапқа біржылдық шөп егілді. Бұл жұмыста Атбасар, Есіл, Біржан сал аудандары көш бастап келеді. Сондай-ақ, 6,3 мың гектар алқапқа картоп, 900 гектар алқапқа көкөніс отырғызылды. Бұл бағытта 3еренді, Астрахан, Ақкөл аудандарының еңбеккерлері қарқынды жұмыс жүргізуде.