Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлы Жеңіс – 75 - АРҚА АЖАРЫ

Ұлы Жеңіс – 75

Сексеннен асып бара жатқан «соғыс балалары»

Соғыс балалары! Қазір олардың алды сексеннен асып қалса да, ол кезде кішкене ғана балалар еді. Мен осы сұм соғыс жылдары туған атам мен оның құрдастары жайлы жазғым келді.

Ең алдымен, ауылымнан соғысқа қатысқан майдангерлерді айта кетсем. Олар Аяған Аманбаев, Рақымжан Аққошқаров, Құрман Байысов, Мүтәлап Балтабаев, Қызкен Жансейітов, Жирентай Жанұзақов, Жайлыбай Ысмайылов, Мұхтар Пішенбаев, Рақымжан, Рақымбек, Съезбек Үйсімбаевтар, Кәрімжан Өмірзақов. Бұл ардагерлерімізді біз атамның әңгімесінен білеміз. Сұрапыл соғысты басынан өткеріп, халқымызды жеңіске жеткізген ата-бабаларымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып, Жеңісті күндерді жақындатқан апа-әжелерімізді әрдайым мақтан тұтамыз. 9 мамыр – Жеңіс күні әр адамды толқытатын ерекше, аса қастерлі де айтулы күн
Менің атам Қ.Б.Байысов ауылымыздың сексеннің сеңгірінен асқан ақсақалы. «Қарты бар үйдің қазынасы» бар демекші, атам соғыс ардагерлері туралы көптеген әңгімелерін айтып отырады. Атамның осындай мән-мағынасы зор әңгімелерін көкейімізге түйіп жүреміз. Әрбір немере үшін аталы сөздің, ғибратты әңгімелердің орны зор деп білемін. Атамның құрдастары Әскербек Ысмайылов, Оралбек Қызыкенов, Амангелді Оразалин, тағы басқа кісілердің де қатары сиреп барады.
Өміріміздегі аса қуанышпен қарсы алатын мерекелеріміздің бірі – Жеңіс күні. Биылғы жылы Ұлы Жеңіске 75 жыл толып отыр. Жеңіс күні қанша уақыт өтсе де, қандай өзгеріс болып жатса да, әр адам үшін ең ыстық мейрам болып қала береді. Жылда сырттағы ағайындар, туыстарымыз, ел азаматтары келіп, мерекемен құттықтайтын. Зират басына барып, құран оқып, ардақты майдангерлерімізді еске алатын. Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты осы жылы шеттен ешкім де келе қоймады.
Атамның құрдасы Амангелді атамыз кезінде біздің ауылда шаруашылығын құрған болатын. Қазір де ол кісінің ісін жалғастырып келе жатқан балалары, немерелері бар. Биылғы Жеңіс күні Оразалиндер әулеті атамды Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, мерекелік сыйлық табыс етті. Құрдастарымның көзі кетсе де, арттарында қалған бауырлары, балалары, немерелері бар екендерін білдіріп жатқаны ғой деп атам қуанып қалды.
Біз атамның немерелері «Байдалы» серіктестігінің ұжымына, атап айтсақ, Оразалиндер әулетіне шексіз алғысымызды білдіреміз. Еңбектеріңіз жемісті болып, ойға алған істеріңіздің биігінен көріне берулеріңізге тілектеспіз!
Қ.Байысовтың немерелері.
Сандықтау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар