Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлы Жеңіс – 75 - АРҚА АЖАРЫ

Ұлы Жеңіс – 75

Ерлік мәңгі жасай береді

Ұлы Жеңістің 75 жылдығын да атап өттік. Біз Жеңіске үлкен үлес қосқан жауынгерлерді есте сақтаймыз және құрметтейміз. Жылдар тез өтеді. Ұлы Отан соғысының қасіретті жылдары әрі ұзаған сайын біз аталарымызды Жеңіс жауынгерлері деп атаймыз. Шынында да солай.

Біздің Амангелді округінен майданға 95 адам кетті. Олардың көбі ұрыс даласынан оралмады. Көзі тірілері де жыл сайын азаюда. Жеңіс күні барлық адамдар үшін қасиетті күн болып қалады. Біз соғыс жылдарының оқиғалары мен жер бетіндегі бейбітшілікті жеңіп алған жандарды әрдайым есте сақтауымыз керек. Соғыстың азабын тартпаған отбасы жоқ. Бұл баршаның басына түскен қайғы. Қуанышқа орай, халқымыз оның қай сынына да төтеп берді.
Соғыс!.. Бұл сөз қаншама қайғы, жалғыздық және өлім әкелді. Барлық уақытта адамдар соғыстың сойқанын сезінді. Біздің аталарымыз бен апаларымыз болашақ үшін соғысты. Біз сол соғыстан алыстаған сайын, оның әкелген қайғы-қасіретін де терең сезіне бастағандаймыз. Сондықтан, Отан, ел үшін миллиондап қаза тапқан Отан қорғаушыларын тебіреніспен еске алып, олардың ерліктеріне басымызды иеміз. Бізге осы бейбіт өмірді сақтап қалған аталар ерлігі ешқашан көнермейді, мәңгі жасай береді.
Шолпан АСҚАРОВА,
Партизанка ауылдық кітапханасының маманы. Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар