Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өңірлерде де дәрігерлер еңбегі адал - АРҚА АЖАРЫ

Өңірлерде де дәрігерлер еңбегі адал

Күллі әлемді коронавирус деп аталатын індет жайлап әбігерге салғанына жарты жылдың жүзі болды. Әлемде өткен жылдың желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласынан басын жылтитып, айырбас тілін жалақтатып, шашқан зәрінен аман қалған елдер саусақпен санарлық қана.

Интернеттегі деректерге сүйенсек, тәжбасты тажал сонау мұхиттағы оқшау жатқан аралдарға ғана жетпеген тәрізді. Бірақ, мынау жаһандану заманында оқшауланып өмір сүру мүмкін еместігін ескерсек, аты жаман аурудың оларға да жетпеуіне ешкім кепілдік бере алмас. Атынан ат үркетін індеттің белгілері біздің елде наурыз айының басында белгілі болып, Үкімет қорғану шараларын шұғыл қолға алды. Аспан асты елінен шыққан жұқпалы ауру іргеміздегі көршімізден батысты айналып барып келуін табиғаттың жұмбақ құбылысы демеске лажың жоқ.
Осы індет білінген күннен бастап халықтың саулығы жолында еңбек етіп жүрген дәрігерлер қауымы елімізді жаман аурудан сақтап қалу үшін өз өмірлеріне қанша қауіп төніп тұрса да, ең бірінші болып алдыңғы шепте бетпе-бет айқасқа түсті. Аталған індетті жұқтырғандар және олармен байланыста болған адамдарды емдеуде өздері де ауруға шалдықты, тіпті көз жұмғандары да бар. Соған қарамастан, бас-
тарын қауіп-қатерге тіге жүріп, өздерінің Гиппократтың антына адал екендіктерін дәлелдей білді. Үстеріне бастан аяқ ауа өткізбейтін қорғаныс киімін киіп, біресе ауруханада, біресе күннің суығына тоңып, ыстығына күйіп блок бекетте сөткелеп кезекшілік атқару мейірбикелердің мойнына жүктелді. Осынау ел басына қиын кезең туғанда нәзік жандылар қайыспастан ерлермен бірдей қара нардай жүкті көтере білді.
Бұларды аудандық ауруханасында коронавирус ауруын жұқтырғандармен байланыста болғандарды бақылауда кезекшілік атқарған дәрігерлер Р.Құсайынова, Ж.Есімшәріпова, Бұлбұл Жеңісхан, мейірбикелер Т.Иванова, Ү.Рахымжанова, З.Бұрымбаева, Ж.Бекетова, Б.Широва, С.Семенченко, Т.Дәлелхан, Тұрар Сәрсенбаеваның еңбектерін атап өткен жөн.
Осы жерде өмір мен өлім арпалысқанда адамдарды өлімнен арашалап қалу жолында күні-түні еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандардың еңбегі біздің қоғамда дұрыс бағаланып жүр ме деген сауал туындайды. Заң шығарушы органдардағы депутаттар дәрігерлердің әлеуметтік-материалдық жағдайын жақсарту үшін жалақыларын көтеруді, күні-түні ішкі органдарының қызметкерлері – полицейлермен тең дәрежеде еткен еңбектерін ескере отырып, зейнет жасын төмендетуді ұсынса, ақ халатты абзал жандардың еңбегінің өтеуі өтелген болар еді. Еліміздің бас санитарлық дәрігері осынау қиын кезеңде жанкештілікпен еңбек етіп жүрген дәрігерлердің еңбегін ескеріп, үстеме сыйақы ретінде 15 миллиард теңге бөлінгенін және оның тамыз айына дейін берілетінін айтқан болатын, бұл да болса ақ халатты абзал жандарға өкіметтің көңіл бөле бастағанының бір көрінісі. Аудандық аурухананың бас дәрігері коронавирусқа қарсы күрес шараларына қатысқан дәрігерлерді ерен еңбектері үшін марапаттады. Адам өмірінің арашасы болып жүрген дәрігерлердің еңбегіне халықтың да ризашылығы шексіз.
А. Бейсекеев.
Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар