Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көктемнің әр күнін тиімді пайдалануда - АРҚА АЖАРЫ

Көктемнің әр күнін тиімді пайдалануда

Жарқайыңдық диқандар биылғы жылы ауданның астыққа, тұқым мен мал азығына деген ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін 637,1 мың гектарға дәнді және бұршақты дақылдар, 400 гектарға біржылдық, 4,2 мың гектар жерге көпжылдық шөп егуді, 300 гектар алқапқа картоп, 100 гектарға көкөніс отырғызуды межелеген.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бағдат Шоновтың айтуынша, бүгінгі күні аудан бойынша 97,1 мың гектар алқапқа дәнді және бұршақты дақылдар, 900 гектарға біржылдық, 3,4 мың гектар жерге көпжылдық шөп себілді. Сондай-ақ, картоп пен көкөніс отырғызу жоспарының 12 пайызы орындалды. Бұл жұмысқа 434 «К-700», 160 шынжыр табанды тракторлары, 84 егіс кешені, 2092 сеялка пайдаланылуда. Егіс агрегаттарының орташа тәуліктік өнімділігі 35,9 мың гектарды, оның ішінде егіс кешендерінікі 130 гектарды құрайды. Ауа райы қолайлы болған жағдайда себу жұмысы 18-20 жұмыс күннің ішінде аяқталмақшы. Ол үшін екі ауысымдық жұмыс ұйымдастырылыпты. Диқандардың өнімді еңбек етіп, дұрыс дем алуы үшін дала қостарында барлық тұрмыстық жағдай жасалған.
– Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің қазіргі заманғы технологияларын пайдалануға ерекше назар аударамыз. Биылғы жылы ылғал сақтау технологияларын қолдануды 400 мың гектарға дейін жеткіздік. Шетелдік технологияның пайдасын іс жүзінде көріп жүрміз. Көптеген шаруашылықтар жыл сайын мол өнім алуға қол жеткізді. Қазіргі заманғы технологияларды енгізу жөніндегі жұмыстар одан әрі жалғасуда. Биылғы жылы 580,3 мың гектар алқапқа ылғал жабылды. Осы бағытта 418 ауыл шаруашылығы техникасы пайдаланылды. Егіс алдында шаруашылықтардағы тұқымның сапасын тексердік. Себу стандартының талаптары орындалуда. Тұқымның сапасы жақсы. Жүргізілген талдаулар негізінде тауар өндірушілерге тұқымның кондициялылығы туралы куәлік берілді. Аудандағы табиғат ерекшелігіне байланысты негізгі дақылдың пісуінің әр түрлі мерзіміне орай диқандарға 2-3 класты тұқым егуді ұсындық. Себу тек 3 репродукциядан төмен емес аудандастырылған сорттармен жүргізілуде,–деді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.
Өткен жылы аудан диқандары 23 комбайн сатып алған. Бұл бағытта «Нива», «Саян», «Бабас», «Гея», «Дарин», «Смағұлов және К» шаруа қожалықтары, «Темирлан», «Мадияр-К», «Авангард», «Осана Агро» серіктестіктері белсенділік танытуда. «Темірлан», «Костычево», «Апыры», «Осана Агро» серіктестіктері егіс кешендері мен өзге де ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алған. Биылғы жылы да «Нива», «Золотой колос», «Горизонт», «Доброта» шаруа қожалықтары «Есіл», «Нива» комбайндарын, «СААН», «Асхат», «Төлеш» шаруа қожалықтары тракторлар сатып алуды жоспарлап отыр. Ауданның тауар өндірушілері өткен жылы сатып алған ауыл шаруашылығы техникасының құнын қайтарыпты. Сөйтіп, жарқайыңдық диқандар көктемгі егіс жұмысын ұйымшылдықпен атқарудың және қазіргі заманғы технологияларды пайдаланудың арқасында мол өнімнің негізін қаламақшы.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар