Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әбу Насыр Әл-Фараби – 1150 - АРҚА АЖАРЫ

Әбу Насыр Әл-Фараби – 1150

Әл-Фараби энциклопедист ғалым

Ол өз заманындағы дамыған ғылым салаларының бәріне, өнеріне өзіндік үлес қосып, елеулі із қалдырды. Одан қалған ғылыми еңбектердің өзінің саны жүзден астам. Фарабидің артында қалған ғылыми еңбектерінің санын неміс ғалымы М.Штейшнейдер 117 десе, түрік ғалымы А.Атеш 160, ал, тәжік ғалымы Б.Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді.

Сол еңбектерді ғылым салаларына қарай бөлетін болсақ, олар мынадай: астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғат ғылымдары, социология, лингвистика, поэзия, риторика, философия болып келеді. Өз бетінше көп ізденген ғалым Аристотельдің, Платонның, өзге де философтардың еңбектерімен танысады. Тек танысып қоймай, оларға терең талдау жасап, өз көзқарасын да білдіреді. Бір аңызда оның Аристотельдің «Жан туралы» дейтін еңбегін 100 рет, «Табиғи гармониясын» 40 рет, «Риторикасын» 200 рет оқығаны айтылған. Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің «Категориялар», «Метафизика», «Герменевтика» мен «Софистикасына» түсініктемелер жазды.
Ғұлама бабамыздың көлемді трактаттары: «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жайында», «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» және «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы». Немістің шығыс зерттеушісі А.Мюллер әл-Фараби туралы: «Бүкіл мұсылман шығысының аса ұлы ойшылы Әл-Фараби өзінен бұрынғылар тек шет пұшпақтап айналысқан көп мәселелер бойынша аса зор жұмыс тындырды. Бұл кемеңгер адам грек философиясының ең терең қырларына дейін бойлап, байыбына жетті. Сондықтан да, шығыста философияны ғылыми зерттеуді шын мәнінде бастау-
шы кім дегенде, басқа ешкім де емес, тек соның есімі аталуы керек», – деген пікір айтқан. Расында, ол энциклопедист-ғалым еді. Жан-жақты білімімен қатар, медицинаны да жақсы меңгерген, бұл салада көлемді еңбектер жазған. «Жүрек – басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да – басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес», – деп адам ағзасы мүшелерінің қызметін де айқындап берген.
Әл-Фарабиді дүниеге танытқан музыка теориясына арналған шығармаларының бірі «Музыканың үлкен кітабы» еңбегі болып табылады. Ғұлама бұл еңбекте математикалық тәсілдерді пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді. Ол тек музыка теориясын жазып қоймай, музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол аспаптарда керемет ойнай білген екен.
Әл-Фарабидің азаматтық, саясат, адам, қоғам жөніндегі ойлары «Фусул ал-мадани» («Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері») трактатында қаралады. Бұл трактаттың тақырыптары әртүрлі болса да, негізінен бір мақсатқа – адам мен қоғамның арақатынасы, оның жетілуіне арналған. Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипаты – денелік және рухани құбылыстардың салыстырылып отыратындығы. Адам, мемлекет, ел басқару жөніндегі Фарабидің өз заманында айтылған құнды пікірлерінің қазіргі таңда да қаншалықты маңызы барлығына көз жеткізіп отырмыз.
Ұлы ғұлама Әбу-Насыр Әл-Фарабидің философиялық, логикалық-гносеологиялық, әлеуметтік пікірлерімен, эстетикалық, теориялық, жаратылыстану ғылымдары салаларындағы пікірлерімен, ғылыми тұжырымдарымен жете танысу, оның дәуірін терең түсінуге мүмкіндік береді. Ғұлама ойшыл ғалымдардың өнегелі қасиеттеріне үлкен маңыз берді. Оларды адал болуға, пайдакүнемдікке жол бермеу-
ге шақырды, өйткені, оның еңбектері тек теориялық қана емес, тәрбиелік маңызға да ие. Оның көзқарасы бойынша, нағыз ғалым – бұл «нағыз немесе кемелденген философ», ол өзінің істерімен тек өз халқына ғана пайдалы болмай, барлық өнегеліктің үлгісі болуы тиіс. «Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан дүниені тәрбиелемей, үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымына қолы жетпейді», – деп ғұлама адамның өз нәпсісімен күресі жетістікке жетуде өте маңызды екенін атап көрсетеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар