Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көктемгі егіс – 2020 - АРҚА АЖАРЫ

Көктемгі егіс – 2020

Қарбалас күндер тынысы

Күн күркіреп, жаңбыр жауды, ылғал молайып, жер бусанды. Егіс алқаптарын техникалардың қуатты үндері жаңғыртуда. Қазіргі кезде егінші қауым болашақ өнімнің негізін қалаудың қам-қарекетінде жүр. Оразақ ауылындағы «Ысқақовтар» шаруа қожалығы көктемгі дала жұмыстарына сәуір айының соңында кіріскен еді, қазір мұнда ылғал жабу жұмысы жүріп жатыр, алқаптарға тұқым да сіңірілді.

Шаруа қожалығының агрономы Азамат Ысқақовтың айтуынша, биылғы жылы 1800 гектарға бидай, 1000 гектарға арпа дәнін себу жос-парланып отыр. Бұл ретте шаруа қожалығының диқандары бұрынғысынша бидайдың «Қарабалық», «Орал-Сібірлік» және «Боравчанка» тұқымына баса мән бермек. Шаруа қожалығы еңбеккерлерінің дені Ысқақовтар әулетінің өздері, осы ауылдың байырғы тұрғындары.
Биылғы көктемгі ауа райының қолайсыздығы өз алдына, әлемді шарпыған коронавирус дерті де диқандар қауымын біраз алаңдатқан еді. Алайда, мемлекет тарапынан көрсетілген көмектің арқасында шаруашылық қиындықтарды жеңе білді. Тағы бір айта кетерлігі, жыл сайын қожалықтың өндірістік көрсеткіштері жақсарып, техника паркі де жаңарып келеді. Сондықтан, жер төсін емген шаруалардың шаруасы оңға басып тұр десек артық емес.
Биылғы көктем ерте келді, сондықтан да, найқалуға уақыт жоқ екендігін түсінген диқандар ауа райының әрбір қолайлы сәтін тиімді пайдаланып қалуға тырысуда. Жанар-жағар май, техникаға қажетті қосалқы бөлшектер жеңілдетілген бағамен сатып алынды. Тұқымдық астық дәріленуде. Танаптарға жыл сайын минералды тыңайтқыштар себіледі. Бүгінде техниканың бәрі алқапқа шоғырландырылған, механизаторлар белгіленген межені бағындыруға тырысуда.
–Биылғы егіс жұмыстарына әртүрлі модификациядағы тракторлар қатыстырылмақ. Олардың ішінде өнімділігі жоғары «Беларусь 3522» себу кешені бар. Ол бір ауысымда 180 гектар алқапқа дән себе алады. Сондықтан, егіс науқанын қысқа мерзімде аяқтап шығуға мүмкіндік жеткілікті. Бұл – Азамат Жанатбекұлының айтқан пікірі. Балбармақ аспаз Фарида Ысқақова да диқандарға дәмді ас әзірлеп, еңбек өнімділігінің артуына өз үлесін қосуда.

Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.
Суреттерде: шаруа қожалығының мүшелері, ағайынды Азамат пен Нұрсұлтан Ысқақовтар.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар