Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жеріңнің аты – еліңнің тарихы - АРҚА АЖАРЫ

Жеріңнің аты – еліңнің тарихы

 Жер-су атаулары – адамзат пен оны қоршаған топографиялық ортаны тікелей байланыстырып отыратын, сол арқылы этностың тілдік, территориялық, этникалық сәйкестігін айқындайтын маңызды тілдік мәдени фактор. Осы ретте Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Географиялық атаулар жөніндегі сарапшылар тобы қандай да ұлттың тіліндегі жер-су атауларына байыппен, аса құрметпен қарауға үндейді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Ақмола облысындағы ономастика саласындағы көптеген игі бастамаларға қолдау білдіріп, осы музейдің ғылыми қызметкерлерінің архивтерде ізденіс жұмыстарын жүргізу арқылы Ақмола облысының байырғы жер-су атауларын мұрағаттық құжаттар негізінде ғылыми сараптамадан өткізген құнды деректерін, карталарды ұсынды. Бұл деректер идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды өзгерту кезінде біз үшін құнды материал, негіздеме бола алады. «Жеріңнің аты-еліңнің тарихы» атты арнайы айдармен «Арқа ажары» газетінің оқырмандарын Қараөткел өңірінің ежелгі жер-су атауларымен таныстыра бастаймыз.

Сандықтау ауданы

Орталық мемлекеттік архив (ОМА) №317-қор. 1-тізім. №58-іс. «Ведомости о ходе водворения и зачисления на переселенческих участках Кокчетавского, Омского, Атбасарского и других уездов за 1915 год» атты архивтік құжатта Сандықтау ауданындағы қазіргі Новоникольск-Қояндыкөл, Новоселовка-Жалтыркөл, Веселое-Балапан, Быстримовка-Жалпаққарағай, Граниковка-Тақыр жыланды, Михайловка-Жыланды, Мельниковка-Қарағайлысай, Новоромановка- Үш аша аталған.
Спасское-Сарымсақты. Сандықтау ауданындағы Спасское селосы алғашында Сарымсақты аталған. 1907 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Материалы по переселенческому хозяйству в Степной и Тургайской областях, собранные и разработанные экспедицией по использованию Степных областей. Акмолинская область. Атбасарский уезд и Тургайской областях, собранные и разработанные экспедицией по использованию Степных областей. Акмолинская область. Атбасарский уезд. Том III.» атты экспедиция материалдарында бұл туралы деректер сақталған.
1) ОМА №317 қор. 1-тізім. №58-іс.
2) Материалы по переселенческому хозяйству. Акмолинская область Том ІІІ.
Васильевка-Шоққарағай. ОМА №317 қор. 1-тізім. № 58-іс.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар