Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сәт сапар! - АРҚА АЖАРЫ

Сәт сапар!

Мектептерде соңғы қоңырау онлайн түрінде өтеді

Елімізде төтенше жағдай режимі алынғанымен, карантин тәртібі сақталуда. Осыған байланысты жылдағы дәстүрлі түрде өтетін соңғы қоңырау салтанатты шарасы биыл онлайн форматта өткізілмекші.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенованың мәліметінше, биыл 25 мамыр күні 1-інші және 10-ыншы сыныптар аралығында соңғы қоңырау онлайн түрінде өтеді. Сол күні Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов сағат 11.00-де ұлттық арналар арқылы еліміздегі барлық ұстаздар мен оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, жылды қорытындылайды. Сынып жетекшілері сол күні 11.30-дан бастап кешкі 18.00-ге дейін кезекпен өз сыныптарында тәрбие сағаттарын өткізеді. Бұл онлайн сынып сағаттарына мұғалімдер өз еріктері бойынша қоғам қайраткерлерін, педагогика саласының еңбек ардагерлерін, мектептен түлеп ұшқан үлгі тұтар түлектерін, танымал бизнес өкілдерін, жоғары оқу орындарының оқытушыларын шақыруларына болады. Сонымен бірге, облыстық білім басқармасының басшысы, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің жетекшілері әлеуметтік желілер арқылы соңғы қоңырау күнімен құттықтайды.
Ал, 11 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау салтанатты шарасы аттестат алу рәсімімен бірге мектеп ауласында, сондай-ақ, күн райына байланысты мектептің акт немесе спорт залдарында өтетін болады.
– Облыс бойынша мектеп бітіруші түлектер үшін соңғы қоңырау салтанатты аттестат тапсыру рәсімімен бірге 3-4 маусым аралығында өткізіледі. Бұл жерде ескеретін бір мәселе, әрбір 11 сыныптың мерекелік шарасы арнайы уақыт бойынша алма-кезек 40 минуттың ішінде өтуі тиіс. Мәселен, бір мектепте үш 11 сынып болса, олардың әрқайсысы өз сыныптарымен және ата-аналарының қатысуымен бұл шараны бөлек өткізетін болады. Бір оқушыдан бір-екі ата-ана ғана қатысады. Сонымен бірге, салтанатты шара барысында 1,5 метр аралық сақталуы тиіс, яғни, мектеп әкімшіліктері әлеуметтік арақашықтықтың сақталуына мән берулері керек, – деді Ботагөз Балапайқызы.
Тағы бір айта кетерлік жайт, осы оқу жылында 9-ыншы және 11-інші сынып оқушылары жұқпалы дерттің салдарынан Білім және ғылым министрлігінің шешімімен мемлекеттік емтихандарын тапсырмайды. Қорытынды баға төрт тоқсанның нәтижесі бойынша шығарылады. Биыл облысымызда мектеп бітіретін 4515 оқушының 297-і Алтын белгі иегері атанса, 187 түлек оқуды үздік аттестатпен аяқтайды.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар