Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қашықтықтан оқытуды да игере бастадық - АРҚА АЖАРЫ

Қашықтықтан оқытуды да игере бастадық

Әлем күн сайын жаңаруда. Күн сайын түрлі жаңалықтар орын алып, жаңа жобалар іске асырылуда. Еліміздегі аймақтар мен қалалардың карантинге жабылуы, жұмыстың, қоғамдық іс-шаралардың тоқтатылуы біздер үшін күтпеген жаңалық. Ал, ең үлкен өзгеріс – мектептердің қашықтықтан оқуға көшуі.

Әрине, бұл оқушылар тұрмақ, мұғалімдер мен ата-аналар үшін де қиын болғаны жасырын емес. Көкейде сауал көп. Дегенмен, іштегі қорқыныш, үрей, сенімсіздікке қарамастан, алға қарай қадам жасау маңызды. Бұл індет әлемдегі 421 миллион білім алушыға кері әсерін тигізген деген дерек бар. 10 наурызда коронавирус індетін таратпау мақсатында ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде білім министрлерінің шұғыл отырысы өтті. Онда 15 мемлекет білім мекемелерінің бәрін жабу туралы шешім қабылдаса, тағы 14 мемлекет соған сай әрекет ететінін мәлімдеген болатын.
Қазіргі жағдайда біз ғана емес, әлем елдері де осы жүйе бойынша білім беруде. Тіпті, бізге таңсық оқу жүйесінің әлемде өз тарихы бар. Сонау Ұлыбританияда 1969 жылы ашылған Ашық университетте әлемнің түкпір-түкпірінен 200 мың студент білім алады. Ал, АҚШ-та ХІХ ғасырдың 70 жылдарында-ақ қашықтықтан оқытудың бірқатар қадамы жасалған. 1874 жылы электронды пошта арқылы оқу бағдарламасын Иллинойс штатының университеті ұсынған. АҚШ-та қашықтықтан оқыту жүйесінің «атасы» ретінде танылған Вильям Рейни Харпер алғаш рет Чикаго университетінен қашықтықтан оқу бөлімін ашты. Ресейде бұл 1917 жылдан бастау алған деген мәлімет те жоқ емес.
Міне, осындай мол тәжірибесі бар елдерге бұл жүйе қиын болмауы мүмкін. Білім беру бұл ел болашағы үшін аса жауапты іс екені мәлім. Сондықтан, бұл салаға қай мемлекетте болсын үлкен жүк артылады. Ал, қазіргі жағдайда сапалы, ең бастысы нәтижелі білім беру үрдісін ұйымдастыру екі есе қиындай түскені анық. Десе де, барша әріптестеріме «қашықтықтан оқытудан» қашпауға кеңес беремін.
Қашықтықтан оқыту ерте ме, кеш пе, бізге жететін еді. Өйткені, бұл – заман талабы. Ақпараттандырылған ғасырда озық технологияның игі жемістерін пайдалану кез-келген дамыған елге тән. Сондықтан, еліміз үшін бұл да бір жаңа белес деуге болады.
Ендеше, сіздермен қашықтықтан оқытуға арналған сабақтарыммен бөлісейін. Біздің мектептегі 1-11 сыныптардағы 235 оқушы төртінші тоқсанда қашықтықтан оқуға көштік. Әрине, бұл жағдай тек қана мұғалімдерді емес ата-аналарды да қатты алаңдатты. Әсіресе, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға қиын соқты. Осыған ешкім де бейжай қараған жоқ. Олай дейтінім, аудандық білім бөлімі мен мектеп әкімшілігі бұл істі бақылауда ұстап, қолдарынан келгенін аянбады. Мен жетекшілік ететін 6-7 сыныптарда оқушылардың техникалық жабдықталуы жайлы үнемі есеп беріп отырдық. Алдымен, сабақ бойынша маршрут парағын дайындап алып, оны «Күнделік кз» файлына жүктеймін. Осы кезеңде оқушылардың жағдайларын ескере отырып, ватсап желісінде қосымша мәлімет беремін. Сонымен қатар, сабақ барысында «Білім ланд» платформасында сабаққа қатысты бөлімдермен жұмыс жасауға бейімделдік. Сабақ соңында кері байланыс жүргізіледі. Міне, осылай қашықтықтан оқытуды ойдағыдай іске асырып жатырмыз деп ойлаймын.
Гүлдана ЫСҚАҚОВА,
Жалтыр № 4 орта мектебінің мұғалімі.
Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар